Tag Archives: ойын терапиясы

Ойын терапиясы

сурет: https://dralbertknapp.com/play-therapy/ сайтынан алынды

Балалармен жұмыс жасайтын адам ретінде, көптеген жылдар бойы «баламен байланыс орнатып, қарым-қатынас жасаудың бір әдісі болуы керек» деп ойлап жүріп ойын терапиясымен таныстым. Және ойлағанымнан мүлде басқаша және ерекше әлемге қадам бастым.

Балалар ересектер сияқты бастарына төңген оқиғаның мәнін түсінбейді, және сөйлеу қабілеті шектеулі болғандықтан жеткізе алмайды. Мысалы бала; -Менің жалғыз қорғаным анам мені ұрды / қатты шарасызданып тұрмын, тұла бойым ренішке толы, енді кімге сене аламын, қазір өзімді тыныштандыра алмай тұрмын, сондықтан осы жасыма келсем де сиіп қояамын, анамның жанымда шынайы болғанын қалаймын деп айта алмайды…. Бұл сөздерді ойын арқылы көрсетеді.

Бұл ойын ойнау өте қарапайым іс-әрекеттермен жалғасса да, шын мәнінде баланың өмірінен көрініс екенін түсіндім. Терапевтке сенген бала ойнау кезінде өз өмірінің көптеген нәзік үзінділерін ойын арқылы бөліседі, өзін жеткізу үстінде болады. Терапевт баланы түсіну үшін оның әлеміне кіре алуы керек. Әр ойыншық бала үшін әртүрлі мағынаға ие. Ойын барысында қандай ойыншықтарды таңдағаны және қалай ойнағаны баланың мәселені түсінуінде шешілуінде үлкен рөл атқарады.

Ойын терапиясын 3-11 жасар балаларға қолдануға болады.

Skip to toolbar