Tag Archives: бала тәрбиесі

Қуыршақ бала

Баланың ата-ананың айтқанының бәрін жасауы оның жансыз қуыршаққа айналғанын білдіреді. Қуыршақ, үндемейді, тыңдамайды, ауырмайды, сезбейді. Көбі ата-ана баланы айтқанымнан шықпайды, жыламайды, ашуланбайды деп, баланың жансыз болуын, тәртіптілікпен сипаттайды.

Ал баланың ата-ананы тыңдамауы, үндемеуі шын мәнінде үндеудің көрінісі. Бұл тұста әр ата-ана өзіне төмендегі екі сұрақта қоюы керек. Бұл бала іс-әрекетімен бізге не айтқысы келіп, нені меңзеп тұр? Неліктен екі құлағын жабуға мәжбүр болды?

Балалар нәрестеліктен балалық шаққа өтумен бірге өзіне деген сенімі артып, өз деңгейінде ата-анадан тәуелсіз әрекет жасай бастайды. Сіздің кішкентай балаңыз сонда да өзін құрметтеуді күтеді. Мысалы: Сынған ойыншықтарын рұқсатсыз қоқысқа тастадыңыз, бала өз сезімдерін құрметтемеген ата -ананың бұл әрекетіне өздері сияқты жауап қайтарады.

Бала үнемі өз болмысын қалыптастыру үстінде болады, бұл тұста баланың өміріне төңген қауіп-қатерлерге кейбір қорғаныс әрекеттері арқылы жауап береді. Бұлар үнсіздік, тыңдамаушылық, айқайлау т,б.

Айтқанымды істеп, менің нұсқауыммен өмір сүр деу, баланы адам емес, жансыз қуыршаққа айналдырады. Өз болмысын, ата-ананың жаралаған жүрегін қорғау үшін бала бейсаналы түрде бірінші сезімдерінен бас тартады, екінші басқалармен байланыс жасайтын ең негізгі мүшесі құлағын жабады. Бұл психология ғылымында “selective mutism ” – таңдамалы үнсіздік деген атпен зерттеледі.

Ата-ананы сыйлаған бала оны тыңдайды. Балалар сіздің айтқаныңызды жасаудан басқа өздеріне тән өмірлері бар екенін ұматпаңыздар. Балалар үнемі бақылап, бұйрық беруге тырысатын ата-анадан көңілі қалады. Баланың ата-ананы тыңдауы үшін алдымен олардың қарым-қатынасы сүйіспеншілік пен сенімге негізделуі керек. Өкінішке орай, өз күшін көрсетуді біріншіге қояатын ата-аналарды бала тыңдамайды, құрметтемейді.

Бала өз мәселелерін шешуге көмектесетінін түсінген кезде ата-анамен үйлесімді болады. Мүмкін, оның үй тапсырмасын орындағысы келмейтіні күнделікті ойнау қажеттілігін толықтыра алмағынын көрсетуі мүмкін.

Балалар бір істі не үшін жасау керектігін бізден артық біледі. Алайда Ішкі мотивациясын жоғалтқан бала, үнемі сырқы бақылау, насихаттау, марапаттаумен әрекет жасайды және бұл ұзақ уақытқа созылмайды. Бала өзінің қолынан келетін бір нәрсені жасай алғанда келесі жолы одан да жақсырақ жасауға ынталанады. Үнемі марапаттау, жұлдыз беру немесе жазалау сияқты сыртқы күш баланың ішкі мотивациясын азайтады және жояады. Әрине ішкі мотивация сыртқы мотивациядан баяау әсер етеді алайда тұрақты және нық болады. Бұл тұста баланың өзінің жылдамдығын құрметтеу керек.

Баланың қоғамға бейімделе алмауы, жалтақтауы, тыңдамауы, үндемеуі, түнде жылауы, ұйқысының әлсіреуі, қорқынышы бар болса маманның көмегіне жүгініңіз.

Балаға дауыс көтерудің алдын алу жолдары.

Балаға дауыс көтеру, айғайлап сөйлеу сіз үшін бір әдетке айналып кеткенін мойындағыз. Айғайлап сөйлеу; Шынайы бір қарым-қатынас түрі емес екенін, балаңызға да сізге де және болашақта баланың жанды жансыз барлық дүниелермен қарым-қатынасына кері әсерін ететінін ұмытпаңыз.

Біреудің сізге үнемі айқайлап қарым-қатынаста болғанын ойлаңыз. Оған деген сезіміңіз қандай болмақ? Жан дүниеңізді жиіркену баурайды ма? Әлде сұйіспеншілік пе?

Айқайлап баланың көзін қорқытып алсам, кейін айтқанымды жасайтын болады деп ойлауыңыз тек ғана қысқа мерзімге сізге көмектеседі. Кейін одан да көбірек айқайламайынша бала айтқаныңызды жасамайтын болады.

  1. Балаңызды емес, өзіңізді бақылауға назар аударыңыз. Балаңызды өз қалауыңыздағы куклаға айналдыруды тоқтатып, оны өзгертуге жұмсаған енергияңызды өзіңіздің жағымсыз қасиеттеріңізбен жұмыс жасауға бағыттаңыз. Әй бұл бала бар ғой мені тыңдамайды, сосын айқайлаймын деп тұрғаныңызды сезгендеймін. Бұның орнына айқайлауды тоқтатып, баламмен байланыс жасаудың басқа тәсілдерін қарастыруым керек дегенді мойындаңыз.
  2. Балаңыздың сіз күтпеген жерден көрсететін қиқылжыңдарына дайын болыңыз. Әрине балаңыз өзімен-өзі тып-тыныш ойнап отырғанда айқайламайсыз ғой. Балаңызбен кейбір конфликтлердің болуы табиғи жағдай. Себебі балалар кейбір даму кезеңіндерімен бірге жан деңгейінде жылдам өзгерістерді бастан кешеді. Оның істеген әр-бір іс-әрекеті сіздің мүүддеңізге ғана қатысты бомайды. Қазақша айтқанда баламен бала болмыңыз. Сіз өзіңіз осы жасқа дейін өмірде қарсыласқан көптеген қиындықтарды жеңуді тәжірибелеріңіз арқылы үйрендіңіз. Ал бала проблеманы шешу, сезімдерді ашыққа шығару корфликті шешу сияқты кейбір дағдыларды жаңадан үйреніп жатыр. керісінше балаңазға криз кезеңінде өзіңізді бақылау арқылы үлгі болыңыз. мысалы өткенде осы бір мәселені жасағанда саған қатты ашуланып едім, ал қазір өз сеземдерімді қолға алып, тыныш болуға тырысып жатырмын дегенді ашық айтыңыз. Балаңыз да сіздің қателесетін, алайда өзін өзгертуге тырысатын ата-ана екеніңізді біле жүрсін.
  3. Балаңыздың өзін түсіндіруіне, жөнін айтуына мұрша беріңіз. Кейде ата-ана; – Cаған айқайлағаным үшін қатты өкініп тұрмын, бұдан кейін өзімді бақылауға тырысымын деп айтуға намыстыныды. Алайда қандай бір жанжалдан кейін екі адамның бетпе-беп сөйлесуі, түсінісуі келеңсіз жағдайдың жеңілдеуіне әсер етеді.
  4. Барлық ата-ананың баласымен қарым -қатынасында өзін ыңғайлы сезінетін жолдары болады. Ата-ана өзінің табиғи қабілетін түсінуі маңызды. Өзін өзі дамытуды қабылдау керек, оның мақсаты – өзіңізді дамыта бастағанда өмірден ләззат алып, оның мәнін түсіне бастайсыз. Кейбір әкелер баласымен бірге ойнауда қиналса да, онымен әңгімелесуде, бәлкім жарысуда тіл табысуы мүмкін. Кейбіреулер баласының сабақтарына көмектесе алмаса да, жақсы көретін тағамын жасау арқылы, бәлкім ішегіңіз қатқанша әдемі әңгімелесетін шығарсыз. Дегенмен қай салада баламен сапалы уақыт өткізе алатыныңызды анықтаңыз.

Балаға айқайлап сөз айту, қарым-қатынас жасауда ең оңай жол сияқты сезелуі мүмкін. Бұны өзгерту басында сіз үшін де балаңыз үшін де оңай болмайды. Сонда да балаңыз үшін өзіңіз үшін Мейірімді болуды таңдаңыз. нәтижесінде талпынысыңыздың нәтижесін молымен көретін боласыз.

Skip to toolbar