Ұяалшықтық тұйықтық

Ұяалшықтық тұйықтық емес. Тұйық адамдар өзімен өзі болуды ұнатады. Тұйық балалар мотивацияны ішкі серпінділігінен алады. олар тыныш және көңілді болады. Мен кедеймін, мен ақымақпын деп ұяалу сенімсіздіктің өзіне сенімсіздіктің себебі болуы мүмкін.

Әлеуметтік желі және баланың өзіне сенімділігі.

Ата аналардан балаңыздың қандай болуын қалайсыз деп сұрағанда %99 пайызы өзіне сенімді, бақытты болсын дейді. Біз үшін осыншама маңызды өзіне сенімділік қалай пайда болады? Қазіргі әлеуметтік желінің баланың өзіне сенімділігіне әсері қандай?

Әрине баланың болмысының қалыптасу барысында, жан жағындағы адамдардың айтқан сөздерінің маңызы зор. Қазақтар балаларға ат қойып айдар тағуға бейімдіміз. Бұл аттар барлық ортада баланың ерекшеліктеріне сәйкес келмейді. Себебі бала мектепке бастаумен бірге бұрын соңды қарсыласпаған балалармен жарыса бастайды. Бұл кезеңде үйдегі ата-ананың батыр, шешен, супер деген сөздерінің шынайылығын талқылай бастайды. Яағни бала отбасында өзін күштімін деп сезінуі мүмкін. алайда ол барлық ортада күшін көрсете алмағандықтан өзінәлсіз сезініп, сол ортадан қашатын болады. Осылайша өзіне сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.

Сонымен қатар әлеумекттік желіде балалар көбінде өздеріне идеал бір рөл таңдайды. Және өзіне сол адамды модел алады. Осылайша өзін басқалармен қарсыластыру арқылы өзінен алыстайды. Мен неліктен олар сияқты бола алмаймын деп өз болмысынан басқа бір идеал адам рөлімен күресе бастайды. Күрескен сайын өз қабілеттерін, өз ерекшеліктерін көрмей, басқалардың істеген барлық харекеті оларға идеал болып көріне бастайды.

Бұл тұста ата-ана, балаға әлеуметтік желідегі адамдардың шыныйылықтан қаншалықты ұзақ екенін түсіндірумен қатар, баланың өзін тануына өзінің құндылықтарын анықтауына осылайша өз өмірінің мәнін табуына көмектесу керек.

Және балаға сыртқы сұлулықтан қарағанда оның ішкі серпінділігін ашыққа шығару және жеке куәлігін осы ерекшеліктері арқылы толықтыруына көмектесу маңызды. Мысалы бала өзінің күшті жақтары мен , басқалардан ерекшелендіретін қысиеттері арқала өзін өзін таниды. Балаға сыртқы келбетінің оның болмысын анықтайтын жалғыз көрсеткіш емес екенін түсіндіріңіз. Керек болса маманға жүгініңіз.

Қандай мамандық таңдаймын?

Мамандық таңдау біздің өміріміздің нысанын анықтайтын маңызды бір таңдау. Неліктен белгілі бір мамандықты таңдаймыз.

Қазіргі таңда мамандық таңдағаудағы ең белсенді қырлар, адамның өзіне тән ерекшеліктері, қабілеттері және қызығушылықтары және мамандық жөніндегі біліміміз әсер етеді. Мысалы, емпатиялық, адамды тыңдай алу қабілеті жоғары адамдар психология мамандығына жақынырақ болады. Әрине бұл тек осы ерекшеліктермен ғана шектелмейді. Сол сияқты жастар өз қабілетін анықтау кезінде, мектеп бұрышында қай пәндерде жетістіктерім бар, қандай пәндерді оқығанды өзімді рахат сезінемін деген сұрақтар арқылы болады. Қызығушылық ұзақ уақыт жалғастырыр жасайтын, зерттейтін хоббилеріміз не? Бұл жөнінде мамандық бағытын анықтайтын тестер мен адамның туадын мінез-құлығын анықтау арқылы анализ жасалады. Психологиялық ішкі серпінділігіміздің әсерін де жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар сыртқы факторлер де әсер етеді. Отбасы дос жаранымыздың бізге көз-қарасы да кейде өзімізді тануға үлкен әсер етеді. Мамандықтын жақсы жаманы болмайды? Адам үшін ең қолайлы мамандықты анықтау маңызды.

Көп балалы отбасында ойын-ойнау

Баламен үнемі жарысқы негізделген ойын ойнау балаға кері әсер етеді. Баламен ойнағанда бірге болуға ынтымақтастыққа көбірек көңіл бөлу керек. Үнемі жарысқа негізделген ойындар баланы нарцистікке бейімдейді. Балада мен ғана жеңуім керек деген ұғым пайда болады. Әсіресе кішкентай балаларға ынтымақтастыққа негізделген ойындар ойнау балаларға пайдалы. Әрине ойын- өмірдің бір сахнасы, өмірдің сахнасында жарыс та болады. Бір отбасында ашулану, жеңілу де болады. Дегенмен ойында үнемі жарыс болу өзіне сенімділікке әсер етеді. Жеңімпаз болу басқалармен жарысу емес, өзімен жарысуға ынталандыру керек. Себеі үнемі басқалармен жарысқан бала мақсатына жеткен соң ол істі ары қарай жалғастырмайды немесе жеңіле берген жағдайда өзіне сенімсіздік пайда болады. Өзімен жарысқан бала үнемі өзін жетілдіруге шоғырланады. Өзінің қабілетінің деңгейінен бір қадам жоғарлауға ұмтылу ең пайдалы мотивация болады.

Баламен ойнап жүріп, өтірік жеңіп кеткен сияқты әрекет жасаудан қарағанда, сәтсіздікті дамудың бір бөлігі екенін түсіндіру маңызды. Баламен шынайы болу балаға жағымды әсер етеді. Ойын кезінде жеңімпаз болған баланы анализ жасау керек, не үйренді соған шоғырлану маңызды.

Павло Пикассо айтады; Әр бала – бір әртіс Алайда, олардың өскен кезде де әртіс болып қалуы ең маңызды мәселе.

Ойынның баланың өзіне сенімділігіне әсері.

Өзіне сенімділік деп-адамның өзін бағалауын айтамыз. Өзімен өзі тату балалар деп айтсақ та болады. Өзіне сенімсіз балалар өзін сипаттауға тырысады, жан-дүниесінде бір мазасыздық сезіледі. Агрессиядан, өтірік айтудан ұзақ болады cебебі өзін басқа түрлі көрсетуге тырыспайды. Адамдарды сынамайды, табаламайды. Және ұяалшақ болады. Әсіресе жағымсыз кері байланыстарды өзіне тиесілі мәсе деп қабылдайды. Өзіне сенімсіз адам сәтсіздікті өзінің бар-болысымен бірге қабылдамайды.

Мысалы кішкентай кезінде көп сыналған, көп қорланған балалар екі түрлі қорғаныс механизм көрсетеді. Олардың біреуі мен істей алмаймын деп өзін жалқаулықпен көрсетесе, келесі бала мен істей аламын деп мінсіздік ( перфектионист) әрекеттер жасай бастайды.

Баланың өзімен өзі болуын кейде қабылдамаймыз. Өзіне сенімсіз адам өзінен қашатын адамды айтады. Ішім пысып кетті деп басқа бір іс-қимыл жасауға тырысамыз. Кітап оқу, телесериял көру т.с.с. Бұлар адамның өзінен қашуының бір түрі.

Кейде балаларды қырсық деп жатамыз, алайда бұл қырсықтық емес өзінің шешімдеріне нық екенін білдіреді.

Ойын баланың психологиясына қалай әсер етеді. Бұрын соңды ойын дегенде; -Қане ойнаңдар! деп баланы өзінен алшақтату үшін бір тәсіл деп қабылдаған. Қазір ойынның маңыздылығы бір ғылым болып жатыр. Балалардың кішкентай кезінде үйренген дағдыларын тәжірибеленуіне ең үлкен мүмкіндік-ойын арқылы болады. Дәрігер болып ойнап жүрген бала шынайы өмірінде осыған ұқсас тәжірибелеріне байланысты қалай қарым-қатынаста болатынын үйренеді.

Баламен ойын ойнау баланы танудың алғашқы қадамы. Не болғысы келеді. Сезімдері де бар, бәрі ойынның ішінде бар. Ойын деген баланың көңілін көтеру емес, баламен бірге бала болабілуді айтады.

Ойын баланың өзінің кім екенін анықтауының маңызды қадамы.

Жетістік деген не?

Адамдардың көбі қағаз жүзінде жетістікке жеткен болып көрінді. Бірақ олар өздерінің таңдауларына қанағаттанды ма, жоқ па, олар өздерін жетікпіз деп санайды ма- бұл өте терең мәселе.

Мен мамандық жөнінде кеңес беру тәжірибиемде де осы мәселені көп көрдім. Өз мамандығымен бақытты адамдар өздерінің өмірінде не болып жатқанына үнемі назар аударатын адамдар. Егер бірдеңе дұрыс болмай жатса, себебін іздестіреді.

Оқушыларға қандай мамандық таңдайсың деген сұрақ қойғанда, көбі медицина немесе заңгер әйтеуір әзір бір жауабы болады, немесе не таңдарын білмейді. Оны неліктен таңдап жатқанын өздері білмейді. Көбінде бұл таңдаулар басқалардың шешімі екенін кеш түсінеді.

Оқушалар қолдарына диплом алып; Енді не істеймін деп өзінен өзі сұраса, ол оның өзінің қалауы емес екендігін білдіреді. олай болса сіздің таңдаған шешіміңіз сіздікі ме?

Әрине ешбір жетістікті салт дәстүрден мәдениетен жекелей алмаймыз. себебі бір елдің қалаларындағы барлық физикалық айналыс адамдардың өміріне әсер етеді. Киім-кешегіне, тілдеріне, тіпті өзіне таңдаған мамандығының өзі жергілікті географияға, сондай-ақ оның тұрғындарының көшіп-қону тарихына әсер етеді. Бір мәдениеттің ішінде өмір сүргіп жатқан адамдар оның нормаларын іштей қабылдап, кейде бейсаналы түрде оның бағытыны қарай шешім қабылдайды. Бұл қабылдау нәтижесінде адамның мінез-құлқына арналған сценарий пайда болады. Біздің күнделікті іс-әрекетімізден бастап, тісімізді жуудан, мамандық таңдау сияқты маңызды шешімдерімізге дейін барлығын осы мәдениеттің әсерімен жасаймыз. Олай болса сіздің қалаңыздың мәдениеті сіздің мамандығыңызға қалай әсер етті?

Баланы кітап оқуға және жазуға баулу

Ата-аналардың көбі, балаларының ертерек оқып жазып үйренуін қалайды. Алайда ерте жастан оқып үйрену үнемі пайдалы бола бермейді, керісінше бала дайын болғанда ынталандыру жолдарын қарастырған дұрыс. Баланы оқуға, кітапқа баулыйтын түрлі тәсілдер бар. Олар;

  1. Балаға кітап оқу. Олардың кейінгі күнділікті дағдыларына кітап оқуды кәдімгідей қызығушылық ретінде қабылдауына әсер ететін ең бірінші қадам баланың кішкентай кезінен бастап оған түрлі кітаптар оқып беру арқылы қалыптасады. Америкада жасалған бір зерттеуде озат оқушылардың жетістіктерінің себебі отбасында оларға кітап оқып берген ересектердің болуымен тікелей байланысты екені анықталған.
  2. Балаларды бөбек кезеңінде түрлі суреттері бар кітаптармен таныстыру, үлкейе келе әңгімелер, ертегілермен саяахат жасаңыз. Бұл кітаптар баланың тәжірибелері мен қызығушылықтарына байланысты болса, оқуға көбірек ынталанады. Мысалы; балаңызбен ұшақта бірге саяахатқа шығып кейін сол жөнінде оқуға болады.
  3. 5 жасына дейін кейбір күрделі ертегілерді оқыту дұрыс таңдау болмайды. Себебі бұл жасқа дейін баланың санасы шынайы дүниені үйрену талпынысында болады. Қиял әлімендегі кейбір жан-жауарлар баланың кішкентай балалардың миын шатастырып, өне бойын қорқыныш билейді. Оларға түсінікті, шынайы оқиғаларға негізделген әңгімелер оқыған жөн.
  4. Ата-анасының кітапқа құштарлығы баланың да білімне деген сүйіспеншілігін арттырады. Балаңыздың жанында смартфоннан емес, нағыз қағаз кітаптар мен жұрналдар оқыңыз. Себебі балалар табиғи түрде ата-анасына ұқсап бағуға тырысады.
  5. Балалар ойнап жүргенде, олардың ойынын білім беру тәсіліне айналдырмаңыз. Ештеңені балаға күшпен жасатпаңыз. Егер балаңыз шынымен көңіл көтеріп ойнап жүрге, онда ол жерде бір нәрсе үйреніп, қабілеттерін дамытыр жүреді!!! Балаларға жасалған іс-шаралардың басты мақсаты үйрету емес, көңіл көтеру мақсатында болуға тиісті.
  6. Бала оқуға әлі дайын емес болса немесе оның қабылдау қабілетінен жоғары деңгейде бір нәрсені үйретуге тырысу оның белсенділігін төмендетумен бірге, жан әлемінде алаңдаушылық, күйзеліс тұдарыды.

Ескерту!!! Кешірек оқып жазып үйреніп жатқан балалардың барлығы ақылсыз, ессіз емес. Олар оқып жазуды үйренуден бұрын басқа нәрселерді қызықтаумен болады. Және оқып жазуды үйренгеннен кейін, белсенді оқушыларға айналады.

Балам өз қорқынышын айтқанда не істеуім керек?

Ең әуелі балалардың қорқынышын жеңу жолдарын жазбас бұрын, осы мәселеге қатысты ата-аналардың теріс ұстанымдарын бөліскім келеді. Балалар өз қорқынышын айтқанда, біз ересектер; -Осыдан да қорқасың ба!? Несіне қорқасың! – деп күліп, оларды кемсітіп, мазақ қылып, келемеждейміз. Әр түрлі кемсіту, келемездеу баланың психологиясына зияын тигізеді. Шын мәнінде бұрын соңды көп кемсітілген немесе кішкентай кезінен өзін сипаттау үшін көп күш жұмсаған адамдар балаларды кемсітеді. Кемсіту баланың жанындағы қорқыныштың жойылуына ешқандай әсерін тигізбейді. Керісінше, бала қорғаныс механизмін одан ары жалғастырып, бойында түрлі сезімдер пайда болумен бірге өзін одан ары сенімсіз сезінеді. Осылайша ең жақынынан да өз қорқынышын жасыратын болады. Бұл жағдаяат оның қорқынышы үлкейіп, өмір салтына кері әсерін тигізеді.

Ата-ананың тағы бір қателігі, баланың қорқынышынан немесе оқиғадан қорқуы. Мысалы; Иттен қорқатын баланы ит жоқ жерден ертіп жүру сияқты. Бұл ұстаным, баланы қинамауға негізделсе де, баланы қорқынышынан уақытша ғана алшақтатады. Әрине балалардың, қорқуға болатын шынай қорқынышты потенциалды нәрселерден қорқып қорғануы табиғи жағдай.

Тағы бір мәселе, кейбір ата-аналар баласын қорқынышын жеңсін деген ниетпен, оның сезімдерін жоққа шығарып, баланы өз қалауынан тыс бассеинге шомылдыру, таныс емес адамдардың құшағына беру т.с.с Балаға күш көрсетіп, үйретуге тырысады. Егер бала біреуден, бір заттан, оқиғадан қорықса, бұның логикалық себебін іздеудің ешбір қажеті жоқ. Ата-ана; -Менің балам батыр қорықпайды дегенде, бала өзіне қатысты  бір теріс нәрсенің бар екенін ойлап, өзіне сенімділігі төмендейді. Бұған қоса, бұл қорқынышын жеңу үшін ата-анасынан көмек сұраудан бас тартады. Осылайша бұл қорқыныш; ұяалу, жалғызсырау, үмітсіздік сезімдерімен бірге жалғасады. 

1. Олай болса ата-ана балаға көмек көрсету үшін ең бірінші; Баланың қорқынышын қабылдап, жанашырлық таныта білуі, оны үміттендіру арқылы болады. Мысалы балаға; -Бассейннен қорқып тұрғаныңды түсінемін, кейде қорыққанда менің де ойыма ең бірінші сол нәрседен қашу келеді. Алайда оны жеңетін түрлі жолдары бар… 

2. Және балаға дұрыс ақпарат беру керек. Кейде балалар, қозқынышының нәтижесінде не болатынын алдын ала білгенде, болжағанда қорқынышы азаяады. Түнде өліп қаламын деп қорыққаннан ұйықтай алмайтын бір баламен жұмыс жасаған едім. Бұл балаға ұйқы мен өлімның айырмышылығын түсіндіру арқылы ұйықтауға ақырындап үйреткенмін. Немесе қорқынышын жеңу сратегияларын үйрену арқылы қорқынышын азайтуға болады. Мысалы; Иттен қорқатан балаға ит көргенде, ересек біреудің жанына бару, кері шегіну, басқалардан көмек сұрау сияқты сртатегияларды жаттықтыру арқылы өзіне сенімділігін көтеруге болады. 

3. Баланың сезімдерін шағаруға көмектесу. Әсіресе травмалық тәжірибесі болған баланы, қорыққан оқиғадан кейін сезімдерін шағаруға; жылауына, айқайлап шыңғыруына, дірілдеуіне, күлуіне, ашулануына, оқиға тұралы әңгімелесуіне мүмкіндік беру керек. Осылайша бала қорқатын оқиғаға қарсыласқанда абай болады немесе кері шегіну қашу жолдарын қарастырады. Сезімдерін шығара алмаған баланың қорқынышы кейін тұрақтылығын жалғастырады. Бала қорыққанда оған назар аударып, сезімдерін шығаруына көмектесіңіз. 

4. Балалар өз қорқынышына жақын заттармен ойнағанды, оларды зерттегенді жақсы көреді. Бұл олар үшін қорқынышын жеңудің табиғи бір түрі. Әуелі сол жөнінде көп ақпараттар білуге тырысады. Сондықтан да балаларды қорқынышымен сенімді ортада ойын арқылы  қайтадан жүздестіру, қорқынышын жеңуі үшін пайдалы болады. 


Yйде ойнайтын ойындар

Ата-аналар барлық уақытын балаларының бос уақытын толтырумен өткізсе, балалар мұны өз бетімен ешқашан жасай алмайды. Лин Фри. Қазіргі ақуалға байланысты балалардың үйден шықпай отыруы сондай оңай бір мәселе емес. Әрине олардың қол аяағы бола алмайтындай, ақылды телефонға да тапсыра алмаймыз.

Олай болса бұл кезеңді өзіміз және балаларымыз үшін жақсы бір мүмкіндікке айналдыру сіздің қолыңызда. Бұл кезеңде, балаңызбен бірге үйдегі артық ойыншықтарды, киімдерді реттеңіз. Ойнамайтын, кимейтіндерді басқаларға бөлісу жөнінде әңгімелесу үшін де пайдалы бір әрекет. Үйде бірге тамақ пісіру, гимнастика, аеровика жасау сізге де балаңызға да көңілді кезең болады.

Балалармен үйде ойнайтын ойындар;

  1. Бос бөтелкелерді тізіп қойып, доппен бовлинг ойнауға болады,
  2. Көңілді бір музыкамен билеп жүріп, қатып қалу ойыны,
  3. Отбасында бірге бір Puzzle құрастыру,
  4. Ыстық па суық па ойыны; Бір затты жасырып қойып, іздеу салған бала ол затқа таяаған сайын ыстық, алыстаған сайын суық деп хабарлап, тауып алуына көмектесу:)
  5. Әр үйде қағаз қарындаш бар, әр күнге бір жануарды сызып, тану жөнінде жоспар жасауға болады.
  6. Көп балалы отбасы үшін; қазақтың ескі ойындарынан <<Шатасу>> ойынын ойнауға болады. (бірлік түбі тірлік ұранымен балалардың байланысын жақындатады)
  7. Кешкі уақыттың тыныштығымен <<Махаббыттың күші >> ойынын ойнау; Отбасы мүшелерінің барлығының бірге жиналытын бір уақытта, шеңбер болып отырып, бөтелкені айландырып, ұшы тарыған балаға түбі тарыған бала, оның ең жақсы қасиеттері мен ерекшеліктерін айтады. Осылайша балалар өзін құнды сезіну, өз қабілеттерін басқалардан тыңдау сияқты жан-жақты қырларын анықтайды.

Сіздер де өз ойын түрлеріңізді төменге бөлісіңіз. Сірә, басқалармен бөлісу Пайғампарымыздың ең жақсы көретін қасиеті емес пе.

Бұл өзі кімге тартқан бала!?

Бүгін балам; -Мама суды отырып ішесің!- деді.

Күнде сан түрлі іс-әрекет жасаймыз; Ашулану, қуану, жақсы көру, ішіп-жеу, ән айту, біреумен ренжісу… Кейде балаларды кімге тартқан өзі!? Атасы сияқты ақ-көңіл, жүріс-тұрасы нағашыларына тартқан ба!? тағы басқа ұқсас сөздер жиі айтып жатамыз. Я, бала іс-әрекетін сол кезеңде қатты әсер алған жан-жағындағы адамдардан үйренеді. Ойлап отырсам, жасөспірімдік кезеңімде мектепке жаңадан келген бір жас мұғалімге ұқсап бағу үшін барымша талпынғаным; Сол сияқты баяау сөйеп, жымиып күлген кезеңім есімде. Олай болса сіз балаңыздың қай бір әрекетінің себебі болдыңыз? Я, сіздің балаңыз өміріне бағыт-бағдар беретін, тағдырына әсер ететін сөздерді, дағдыларды сіздерден үйренеді. Бұл іс-әрекеттер кейде тазалық, пайдалы тамақтану сияқты жағымда болса, кейде жағымсыз сөз қолдану, шылым шегу, ұрып-соғу сияқты әрекеттер болуы мүмкін.

Олай болса бала өзіне сіңіріп алған бұл әрекеттерді неліктен жалғастырады? Психологиялық ғылым, баланың жағымсыз бір әрекетін азайтудың жолын, жаңа жағымды әрекеттермен асыстыру арқылы немесе оны жоққа шығару арқылы жалғастыратынын айтады. Яағни жағымсыз бір сөз айтқан баланың сөзіне күліп, тыйым салған сайын бала бұл реакцияны пайдаланып ата-ананың назарын өзіне аудару үшін белгілі іс-әрекетті жалғастырады.

Сол сияқты, баланың адам ретінде өзіне тән іс-әрекеттерінің , дағдыларының қалыптасатын маңызды кезеңдерінде кіммен бірге болғаны, не үйренгені өте маңызды. Әрине баланың ең ұзақ уақыт бірге болатын жақындары ата-ананың айтқан сөзі мен жасаған әр бір қимылы баланың болашақ ӨЗІ және КУӘЛІГІ болады.

Skip to toolbar