Баланың басқаларды құрметтеуі, өзін құрметтеуінің көрінісі.

Ата-ана балаға үйрететін ең басты құндылығы ол- баланың өзін бағалау, құрметтеу сезімі болуға тйісті. Өзіне деген құндылығы; Өзін бағалай білуді үйретуі. Алайда өзінің құнын білмеген басқа дүниелерді де (адамдар, жан-жануарлырды, ойыншықтар, үй жиназдары.. ) бағаламайды. Баланың өзін бағалауы, ата-анасының оны бағалауымен қалыптасады. Біздің қазақтар көбінесе балаға көну, мойынсұнуды насихаттайды… Алайда өз қажеттіліктерін жоққа шығарып, үнемі басқалардың жолымен жүру, адамның өзінің өзінде жоқ екенін білдіреді.

  • Бала туа салысымен алғашқы жылдар өзінің сыртқы келбетін зерттей бастайды бұл онда “менің сыртқы көрінісім қандай?” деген сұрақтың жауабыр табуға бейімдейді. Кейін өз дене-мүшелерін тани бастайды бұл “менің қолынан не келеді?” дегенді сұрақты зерттеуге итермелейді. Осылайша өзінің басқалардан ерекше қасиеттерін анықтап, тани бастайды. Кейін мектепке бастпумен бірге әлеуметтену; достарының талаптары мен ата-ананың қалауының өзгеше болуы және өз сезімдері мен пікірлерін танып, “мен қалай ойлаймын, мен қалай сеземін?” деген сұрақпен өзіне кіші-гірім зерттей бастайды. Осылайша балада “Өзін қабылдау, өзін бағалау” қалыптасады.
  • Осы қалыптасу кезеңінде баланың болашақта жетуді көздейтін идеал кейіпкері және сырттай адамдарға қалай көрінетіні жөнінде екі түрлі бетпердесі болады. Осы екеуінің арасындағы қашықтық көбейген сайын баланың өзін бағалауы төмендейді. Ал екеуінің арасы жақындаған сайын өзін бағалауы да жоғарлайды. Ата-ананың баламен байланысының тұрақты болуы, баланың да тұрақты іс-әрекет қалыптастыруына, өсіп-жатқан ортасының қауіпсіз болуы, оны ешбір шатсыз қабылдау, шектеулердің тұрақты және айқын болуы, оның сезімдерін қабылдау өзінің жеке тұлға екенін сезінуіне өзін бағалауына тікелей ықпалын тигізеді.

Осылайша өзінің құрметтелгенін сезген бала, айналасындағы барлық тіршілік иелерін, тіпті заттарды да құрметтейтін болады.

Сезімдерге еркіндік беру

Адам баласы түрлі сезімдермен өмір сүреді, қандай да бір сезімде боғанды оны тыңдай білу, жан тәнімізбен сезебілу маңызды. Егер сезімдердің бар болуына рұхсат етпесеңіз олардың енергиясы бір жерде қысылып қалады да көп жылдан кейін физикалық, эмоциялық, психикалық проблема болып ашыққа шығады; Желкем қысып тұрады, асқазаным аудады деп жиі айтатын боламыз.

Қатты ашуланғанда айқайлап сөйлегіміз келеді, қайғырғанды, өкінгенде сол сезімдермен біраз уақыт өмір сүреміз. -Не болды соншама бақырып, баршы жүгір далаға шығып жыла, жетеді енді деп қарсымыздағы адамның сезімерін тоқтатуды сұраймыз. Ең әуелі өз сезімдеріңізге сабырмен, түсіністік танытып еркіндік берсеңіз; Жылағыңыз келсе жылау, қайғыру кезінде қайғыру, ашуланғанда сол енергияның шығуына көмектесу арқылы сезімдерді өзіңізден босата аласыз. Алайда, ешбір себепсіз ашулану, өзінен өзі жылау деген сияқты орынсыз жерде сезімге берілу байқалады.

Және, медитациямнен айналысып, табиғатта уақыт өткізіп, спортпен айнасысатын, жақындарыңызбен бірге көбірек уақыт өткізетін болсаңыз бұл ауытқулардың мөлшері мен бағыты өзгереді.

Баламды ұрып тастаймын не істесем болады деп сұрайтын ата-аналарға айтарым; Өз сезімдеріңізден босатылғанда, сіз де балаңыздың сезімдерінің шығаруына көмектесе аласыз.

Өзіңді қабылдау

Өзін қабылдау, өзіңмен дос болу өзіңді тану арқылы жүзеге асады. Адам баласы өзін тану арқылы мендігінің шегін анықтайды. Өзімізді қалай танимыз? өзін тану жан-жағымыздағы қарым-қатынас жасаған адамдар арқылы анықтай плпмыз? Кіммен қай деңгейде жақынырақсыз? Махаббат, достық, туыстық байланыстарым менің бір бөлшегім дейтіндей жақынырақ адамдар кімдер?

1.”Бүгінге дейінгі өміріңіздің жақсы-жаман қандай тәжірибелеріңіз болад? Осы бір кезең, оқиға болмаса мен де болмас едім деген жағдаяаттар нелер? Кейде бұл оқыиғалар травма деңгейінде, үлкен қорқыныш немесе алаңдаушылық болуыса олардың қысымшылығын мүмкін терапиялық көмек алу арқылы азайтуға болады.

2. Өміріңіздің мәнін, өмір сүрудегі мақсатыңызды анықтау өзіңізді тануға көмектеседі. өмірде негізді қажеттіліктерімізді толықтырғанна кейін, өміріміздің мәнді болуы үшін, не үшін өмір сүріп жүргенімізді, не үшін осыншама қиналғанымызды түсіну үшін “осы бір өмірімнің, іс-әрекеттерімнің кімге қаншалықта пайдасы болады? “деген сұрақтың жауабын білгіміз келеді. Мен осы өмірде не үшін бармын, менің кірпіш болып кетігін тауып қадалатын жерімді білу адамның өмірінің мәнін және бағытын анықтау үшін маңызды.

3. Сіз сүріп жатқан өмірдің бағыты сіздің құндылықтарыңыз арқылы жалғасады. Бір жұмысты ары қарай жалғастаруым үшін мені ынталандыратын құндылық, ақша, статус, әділдік, қызмет ету т.б. анықтау.

4. Өз міндігіңізге байланысты дағдыларыңызды анықтаңыз? сіздің дағдыларыңыз сіздің өмір-сүру салтыңыздың көрсеткіші.

5. Сіз үшін әдемі деген не? Әдемі қыз, әдемі табиғат, әдемі сөз… сізді есіңізден танытарлық әдемілік қай жерде бар?

Баланың өмір сүруін жазалау.

Баланы жазалағанда; Өмір сүру үшін күрескен баланың өмір сүруін жазалаған боласыз. Бұл да баланың жан дүниесінде өлім деген сөз. баланың жан дүниесінде қандай да бір нәрсе теріс бола бастағанда, жазаланғанда, қорланғанда балада травма байқалады, бұны бала іс-әрекетіндегі бұзылыстар арқылы көрсетеді; түкіреді, айқайлайды, ұрады… Алайда бұл әрекеттер оның ішкі қысымдарының салдарынан пайда болады және бала оны өзі басқара алмайды.

Маған, балам өте тұйық немесе балам өтірік айта береді не істесем болады деген хаттар келеді. Көбінде ата-ананың мақсаты осы баланың орынсыз іс-әрекеттерін түзету болады, және ата-аналар бұны одан ары жазалау арқылы өзгертуге тырысады алайда оның астарында баланың орындалмаған қажеттіліктері жатқанын білмейді.

-Аналар; баланы қорғау, оған тіреу болу ананың міндеті осыны ұмытпаңыздар.

Баланың анасынан алған мейірімі мен қолдауы баланың өмірден не күтетінін белгілейді. Себебі бала туа салысымен қайдан келіп қайда түскенін білмей күрделі бір сезімде болады. Сол кезде, бала үшін осы бір күрделі сезімдердің жауабын; “Балам мен сенің жаныңдамын, сен менімен сенімдесің”- деген сөзі арқылы сездіргенде, бұл сөз баланың өзінің ішкі үніне айналады және өмір бойы қарсыласатын әрбір қиындықты осы ішкі үн арқылы жеңетін болады.

Cіз үшін не құнды?

Құндылықтар – бұл cіздің мінез-құлқыңызға, іс-әрекетіңізге және тіршіліктен қанағаттануыңызға тіпті өміңізді бағалауға дейін әсер ететін стандарттарыңыз.

Сіз құндылықтарыңыз арқылы басқалармен және әлеммен, достарыңызбен қалай қарым-қатынас жасайтыныңызды, нені қалайтыныңызды және не істеп шыдамайтыныңызды білесіз.
.
Я құндылықтар кейде өзгереді, өмірде қарсыласатын кейбір қиындықтардан кейін құндылықтарымызда өзгерістер болып жатады. Дәл сол оқиғалардан кейін өзіңіздің кім екендігіңізді, нені бағалайтыныңызды және кім болғыңыз келетіндігіңізге күмәндануыңыз мүмкін.
Сол сияқты сіздің өміріңіздің маңызды бір саласы – сіздің кәсібіңіз. Егер сіздің құндылықтарыңыз таңдаған мамандығыңызға сәйкес келсе, өмірден қанағаттануыңыз артады. Ал, сәйкеспесе сіздің сол істі жалғастыру ынтаңыз төмендейді. Мысалы, сіз бәсекелес сатылымда жұмыс жасайтын болсаңыз бірақ бәсекелестіктік сіз үшін құнды емес болса сіз өз салаңызға қанағаттанасыз ба? Олай болса, төмендегі сұрақтар сіздің құндылықтарыңызды анықтауға көмектеседі.

  • Бір нәрсе жасап шырай алатын болсаңыз, нені жасар едіңіз? және бұл сіз үшін неліктен маңызды?
  • Өзіңізбен қалай мақтанар едіңіз ?
  • Әлемге қалай танылғыңыз келеді?
  • Жиі кездескіңіз келетін адамдар кімдер?
  • Сізде басқалардан ерекшелендіретін қандай ерекшеліктеріңіз бар?

Менің әкем сенің әкеңнен күшті…

«Әке – біз қазақтар үшін биліктің, күштің симболы. Әсіресе кішкентай кезінде балалар достарымен ұрысқында менің әкем сенің әкеңді сабайды» деп жатады. Шын мәнінде, бұл тұжырым әкенің баланың көз алдында қаншалықты КҮШТІ екенін көрсетеді. Бала тәрбиесінде әкенің рөлі баланың 6 жасынан кейін маңыздылығы жоғарлайды. Әкенің сүйіспеншілігімен өскен бала өзіне деген толық сенімділікпен өмірге нық қадам басады. Бұл сенімділік олардың қоршаған ортамен де үйлесімді, өзін адам ретінде бағалауына, болашаққа өзіне сенімді қадам басуы үшін басты себептердің бірі.

Бала ата-анадан пәк махаббат күтеді. Қандай бір шартқа негізделген сүйіспеншілік ешқашан пәк болмайды. Тек ғана емтиханды беске тапсырғанда немесе жетістікке жеткенде басын сипап оны сүйгеніңіз оны сол сәтке қуантса да, іштей қынжылтады және баланың рухын қанағаттандырмайды.

Кейде ата-анамды ренжітіп аламын ау деген бала олардың әрине айтқанынан шықпайды. Бірақ бұл баланың өзіне және өмірге деген байланысының бұзылуына әсер етеді. Баланың жасаған бір қателігіне; « Сені жақсы көремін алайда бұл жасағаның мені ренжітті » десеңіз бала сіздің мейріміңіз бен сеніміңізді сезінеді. Өзін мойындайды.

Сағындым.

-Мама достарымды сағындым, паркке барғым келеді, ойыншықтарды сағындым, сағындым…

Сағыныш сезімі қазір көп адамның бетпе-бет жүздесіп жатқын сезімі болар. Бұрын соңды біреуді, бір нәрсені сағынғанда лезде бір әрекет жасап сол қажеттілігімізді толтыра алатын едік. Еш бір әрекет жасай алмағанда не істей аламыз.

Бұл сағыныш сезімі кейде балаларда ашулану, ызылыну, ренжу ретінде көрінеді. Тіпті сабақ қабылдау тиімділігін төмендетеді. Себебі балалардың жасаған әрбір іс-әрекетінің астарында шынымен толықтыра алмаған, шығара алмаған кейбір сезімдер болады. Әрине балалар бұл сезімдерін біз ересектер сияқты жеткізе алмағандай не сезінетінін білмеуі де мүмкін. Кейде балалар өз эмоциясының қателік ретінде ойлап, сізбен бөлісуге жанаспауы мүмкін. Олай болса, оларға көмектесу ата-аналардың міндеті емес пе!?

Сезімдерді бейнелеу, кейіптеу оғын байланысты өлеңдер жазу оның бала үшін мәнін түсінуге көмектеседі.

  1. Сағыныш сезімімен таныстыру; Балаларға сезімдеріңнің исі қандай, түрі қандай қандай нәрсеге ұқсайды? деген сұрақтар арқылы сезімдерін бейнелеуіне көмектесіңіз. Бір зат болса бұл сезім қандай зат болар еді?
  2. Сезімдер сенің қай жеріңде? Жүрегімде, көз жасымда, ұйқымның ішінде деуі мүмкін.
  3. Біз ересектер сағынғанда не істейміз? Қиялдаймыз. Олай болса балалармен бірге де болашақта сағынған дүниелеріне байланысты әңгіме құрастыру, соған байланысты жоспарларын суреттеу пайдалы болады.
  4. Уақыт тұралы түсіне алмайтын балаларға күнтізбені белгілеу арқылы сағынған нәрсесін белгілі бір уақытқа дейін күту керектігі жөнінде түсіндіріңіз.
  5. Балаңыз қырсық, жабысқақ болып немесе сіздің шыдамдылығыңызды сынауы мүмкін. Бірақ біз балаларымызға олардың ең қиын кездерінде қажетпіз.

Позитив дисциплин-шектеулер

Бала тәрбиесі неліктен үнемі өзгереді? Бұрынғы тәрбиелеу дегенде баланы жазалау, баланың іс-әрекетін өзгерту деген тақырыптар қазіргі таңда баламен сенімді байланыс, позитивті дициплиннің маңыздылығы зерттелуде.

Позитив дисциплин балада бір проблем болмай тұрып алдын ала не істеу керек екенін зерттейді. Бұл әрине шектеулер арқылы болады. Шектеулер бағдаршамсыз жерде машина айдаумен бірдей яағни шектеу болмаған жерде балалар өздерін сенімсіз сезінеді. Шектеулер арқылы балаларға қай жолдың теріс қай жолдың бұрыс екенін жол көрсетеміз.

Позитив дисциплин негізгі мақсаты, баланың қандай да бір іс-әрекетінің астарында баланың белгілі бір қажеттілігінің, шағара алмаған сезімдерінің бар екенін түсіну, соны анықтау арқылы болады. Кейде балаға бір шектеу қойғанда бала әрине жылап-еңіреп бір реакция көрсетеді. Позитив дисциплинде мақсат баланың іс-әрекетін өзгерту; Жылаған баланы жұбату емес, қажеттілігін анықтауға шоғырлануға көңіл бөледі.

Олай болса, шектеу қойғанда бала мен ата-ана арасында сенімді байланыс қалай қалыптасады? Мысалы, бала ренжігенде сол кездегі сезіммен ата-ана; – Жасаған қателігін ойлансын деп, балаға көңіл бөлмей жатады. Бұл ұстаным бала мен ата-ананың ұзақ уақытты байланысына кері әсер етеді. Себебі балалар ең көп кризис кезінде ата-ананы қажетсінеді. ата-ананың ең көп кездесетін жағдаяаты, баланың жауапкершілік алғысы келмей, ойыншықтарын жинамай, киімдерін кимей, ішпей жемей білдіреді. Бұл кездерде ең бастысы ата-ана өзін тыныштандыру керек. Келесі қадам баланы тыныштандыру керек, бала кризис кезінде сізді тыңдамайды. Сондықтан бала тыныштанғаннан кейін ережелер тұралы айтуға болады. Немесе баланың тілі ойын. Сондықтан да баламен ойын арқылы түсінісе аламыз.

Позитив отбасы атмосферасы қалыптастыру үшін негізгі қажеттілік. Отбасында барлық мүшелердің өзіне тиесілі уақытының, алаңының және қажеттіліктерінің болуы пайдалы болады. Баланың сұранысы болмай тұрып, онымен сапалы уақыт өткізу керек.

Отбасында ата-ана үнемі ережелерді қоюшы, бала да оны қабылдаушы деңгейде болғанда бала өзін силамағынын сезінеді. Баланың да қажеттіліктерін сұрау, білу керек.

Баламмен ойын ойнай алмаймын, оның әлеміне кіре алмаймын деген аналар болады. Ата-аналар балалардың даму кезеңін білу керек. Баламен ойын ойнағында мақсат балаға бір нәрсе үйрету емес, оның көңіл көтеуіне көңіл бөлу керек.

Қазір бала тәрбиесі тұралы әр түрлі идеяалар, кітаптар бар. Алайда әр отбасының қажеттілігі бөлек, сол сияқты тәрбиелеу стилдері балаларының ерекшеліктері де өзгеше болады. Ата-ана оны-мұны тыңдаудың орнына бұл кітаптарды оқып зерттеп өз баласының мінез-құлығына сәйкес, қажеттілігіне сәйкес дисциплин таңдауы керек.

Қашықтықтан оқуға ынталандыру

-Күні бойы телевизордың алдында отырасың ба? Үй жұмыстарың не болмақ!?

-Андағы телефонды таста қане! Кітабыңды оқысаңшы оданда!

Сіздің де күндеріңіз осылай өтіп жатқан болса, ұрысқыннан ешбір пайда болмайтынын мойындаған боларсыз. Бұл байланыс түрлері баланы сіздің сөздеріңізге, шектеулеріңізге, ашу-ызаңызға қарсы одан ары дүлей, сезімсіз болдырады. Олай болса менің сізге ұсыныстарым;

  1. Баланың үйде сабақ оқуы үшін ең бірінші мәселе, мотивацияның қалыптасуы арқылы басталады. Бұлар отбасы атмосферасы; Ата-ананың баланың психологиясына көңіл бөлуі. Отбасында ата-ананың ашулы, алаңшыл болуы баланың сабақ оқуға ынтасының қалыптасуы мүмкін емес.
  2. Сонымен қатар балаға не үшін сабақ оқу керек жөнінде әңгімелесу, баланы тыңдау, сезімдерін психологиялық қажеттіліктерін бөлісуіне мүмкіндік беру. Баланы үнемі сабақ оқуға қинамай және белгілі бір уақыт белгілеп, рутин арқылы жалғастыру керек.
  3. Қоршаған ортаның сабақ оқуға қолайлы болуы маңызды. Әр баланың мотивациясы бірдей болмағандай балалардың сабақ оқу стилі де басқаша болады. Кейбір балалар шуылдақ, ыстық ортамда шоғырлана алмайды. Және оқу үстінде телефонды өзінен алыстату керек.
  4. Баланың жауапкершілікті (кішкентай кезінен бастап қалыптасады) өзінің алуына рұқсат беріңіз. Үнемі бақылауда болған бала өзінің санасымен харекет ептейді.
  5. Баланың жасына қарай өзіне мақсат қоюына көмектесу және сол мақсатқа жету жолдарын әңгімелесу баланы ынталандырады.

Мамандық таңдауда қабілетті анықтау

Мамандық таңдауда, әсер ететін факторлардың ішінде қабілеттің атқаратын рөлі өте үлкен. Себібі жасап жүрген жұмыстарымызбен қабілеттеріміздің арасында бір көпір болмаса ол салада жетістікке жетуіміз екі талай. Казір кейбіреуімыз қабілетіміз жоқ десек, кейбіреулері қандай қабілеті бар екенін білмейді.

Сондықтан да қазіргі таңда мамандар, студенттерді мамандыққа немесе жоғары оқу орындарына бағыттау үшін оның жалпы және ерекше қабілеттерін зерттейді. Сондай ақ, оқушылар өздерінің күшті және әлсіз жақтарын білуі және осыларға сәйкес шешім қабылдауы маңызды. Мысалы, ешбір сандық қабілеті төмен оқушыға инженер мамандығын таңдау қиынға соғады. Сол сияқты футбол ойнайтын оқушылардың, бұл командада жұмыс жасау және көшбасшылық қабілеттері дамыйды.

Әрине қабілеттерді обиективті түрде анықтайтын сапалы тесттер және түрлі тәсілдері бар.

  1. Мектеп қабырғасында, колледжде сабақтан тыс уақыттарда клубтар, үйірмелер немесе топтық жұмыстырға қытысып өз қырларын анықтауға болады.
  2. Және өзіңізден сұраңыз: «Менің күшті қырларым не?» Қолымнан не келеді? Сізге не ұнайды? Сізге оңай немесе сізге ұнайтын жұмыстар пайдалы қабілеттерге айналады. Мысалы, адамдарға немесе айналаңыздағыларға проблемаларды шешуге үйрету күшті қарым-қатынасқа, белсенді тыңдауға және проблемаларды шешуге дағдыландырады. Соңғы жылдары Soft қабілеттерді дамыту, барлық кәсіби мекемелерде басты қажеттілік болып жатыр. Олар;
  3. Сіздің достарыңыз, жақындарыңыз белгілі бір қабілеттеріңіз туралы кері байланыста болы ма? Сіздің менеджерлеріңіз немесе әріптестеріңіз бұрын байқаған немесе мақтаған қабілеттерін қарастырыңыз. Сондай-ақ, адамдар сіздің қандай қырларыңызбен таниды сізден қай салада көбірек көмек сұрайтынына назар аударыңыз жөн.
  4. Бұрын соңды қандай жетістіктеріңіз болды? Мектепте, жұмыста үлкенді-кішілі жасаған жетістіктеріңізді қарастырыңыз. Және бұларға қандай қабілеттеріңіз көмектесті?
  5. Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі, еріктілік жұмыстары қабілетіңізді табуға өте тиымды көмектеседі. мысалы; Пікірсайыс іс-шаралары арқылы, қарым-қатынас және көндіру қабілеттерін дамытуға болады.
  6. Және демалыс кезеңдерде өз қызығушылығыңызға сәйкес part-time жұмыс жасап көріңіз. Жұмыс кезеңінде мамандықтың мәдениеті мен ережелері, рутині төңірегінде өзіңіздің құндылықтырыңызға сәйкесіп сәйкеспегенін көре аласыз.

Skip to toolbar