Қуыршақ бала

Баланың ата-ананың айтқанының бәрін жасауы оның жансыз қуыршаққа айналғанын білдіреді. Қуыршақ, үндемейді, тыңдамайды, ауырмайды, сезбейді. Көбі ата-ана баланы айтқанымнан шықпайды, жыламайды, ашуланбайды деп, баланың жансыз болуын, тәртіптілікпен сипаттайды.

Ал баланың ата-ананы тыңдамауы, үндемеуі шын мәнінде үндеудің көрінісі. Бұл тұста әр ата-ана өзіне төмендегі екі сұрақта қоюы керек. Бұл бала іс-әрекетімен бізге не айтқысы келіп, нені меңзеп тұр? Неліктен екі құлағын жабуға мәжбүр болды?

Балалар нәрестеліктен балалық шаққа өтумен бірге өзіне деген сенімі артып, өз деңгейінде ата-анадан тәуелсіз әрекет жасай бастайды. Сіздің кішкентай балаңыз сонда да өзін құрметтеуді күтеді. Мысалы: Сынған ойыншықтарын рұқсатсыз қоқысқа тастадыңыз, бала өз сезімдерін құрметтемеген ата -ананың бұл әрекетіне өздері сияқты жауап қайтарады.

Бала үнемі өз болмысын қалыптастыру үстінде болады, бұл тұста баланың өміріне төңген қауіп-қатерлерге кейбір қорғаныс әрекеттері арқылы жауап береді. Бұлар үнсіздік, тыңдамаушылық, айқайлау т,б.

Айтқанымды істеп, менің нұсқауыммен өмір сүр деу, баланы адам емес, жансыз қуыршаққа айналдырады. Өз болмысын, ата-ананың жаралаған жүрегін қорғау үшін бала бейсаналы түрде бірінші сезімдерінен бас тартады, екінші басқалармен байланыс жасайтын ең негізгі мүшесі құлағын жабады. Бұл психология ғылымында “selective mutism ” – таңдамалы үнсіздік деген атпен зерттеледі.

Ата-ананы сыйлаған бала оны тыңдайды. Балалар сіздің айтқаныңызды жасаудан басқа өздеріне тән өмірлері бар екенін ұматпаңыздар. Балалар үнемі бақылап, бұйрық беруге тырысатын ата-анадан көңілі қалады. Баланың ата-ананы тыңдауы үшін алдымен олардың қарым-қатынасы сүйіспеншілік пен сенімге негізделуі керек. Өкінішке орай, өз күшін көрсетуді біріншіге қояатын ата-аналарды бала тыңдамайды, құрметтемейді.

Бала өз мәселелерін шешуге көмектесетінін түсінген кезде ата-анамен үйлесімді болады. Мүмкін, оның үй тапсырмасын орындағысы келмейтіні күнделікті ойнау қажеттілігін толықтыра алмағынын көрсетуі мүмкін.

Балалар бір істі не үшін жасау керектігін бізден артық біледі. Алайда Ішкі мотивациясын жоғалтқан бала, үнемі сырқы бақылау, насихаттау, марапаттаумен әрекет жасайды және бұл ұзақ уақытқа созылмайды. Бала өзінің қолынан келетін бір нәрсені жасай алғанда келесі жолы одан да жақсырақ жасауға ынталанады. Үнемі марапаттау, жұлдыз беру немесе жазалау сияқты сыртқы күш баланың ішкі мотивациясын азайтады және жояады. Әрине ішкі мотивация сыртқы мотивациядан баяау әсер етеді алайда тұрақты және нық болады. Бұл тұста баланың өзінің жылдамдығын құрметтеу керек.

Баланың қоғамға бейімделе алмауы, жалтақтауы, тыңдамауы, үндемеуі, түнде жылауы, ұйқысының әлсіреуі, қорқынышы бар болса маманның көмегіне жүгініңіз.

Жасөспрім кезеңі-мұңаю кезеңі

Жасөспірім кезеңі- баланың жан дүниесінде өзінің балалық шағымен қоштасу кезеңі. Бұл баланың өмірінде үлкен шығындар мен мұңаюды қамтитын процесс. Талат Парман жасөспірім кезеңін мұңаю мен сағынышпен байланыстырады. Себебі бұл шығындар; балалық шақтың өткенін, дене пішінінің өзгеруі, көптеген жыныстық процестермен бірге ата-анамен тығыз қарым-қатынастан ажырасудың кезеңі.

Бабалықтан ересектік әлеміне өтумен бірге жасөспірім бір жанды өмірге алып келу потанциялына жетеді, бұл арқылы адам өлім мен мәңгілікті талқылайтын, өмірдің мәні мен мағынасы сияқты дүниелердің санасын мазалайтын кезеңі.

Я жасөспірім кезеңімен адам өмірге қайтадан туылумен бірге әлемге қайтадан бейімделуге тырысатын өте нәзік, сезімтал кезең.
Кішкентай пілләнің қабығын тастап, көбелекке айналатын осы бір кезеңінде алған жаралары оның бүкіл өміріне әсер етеді.

Баланың әлеміндегі бұл өзгерістер оның мінезінде, іс-әрекеттерінде де байқалады. Осылайша жасөспірім мен ата-ана арасында әрине кейбір қақтығыстыр байқалады. Алайда бұл қақтығыстар сіздің мендігіңізге қарсы емес екенін білуіңіз , балаңызды түсінуге көмектеседі.

Балаңыздың өз таңдауларына, шекараларына құрметпен қараңыз. Ол сіздің балаңыз болуы мүмкін, бірақ ол сіздің жалғасыңыз емес, өзі жеке тұлға.

Махаббатыңызды, оның жанынан табылатыныңызды сөзбен емес, шынайы іс-әрекетіңізбен көрсетіңіз.

Ойыншықты алып бермесең, жылаймын.

Бөлмеңді жинасаң, мультик көруіңе рұқсат беремін. Мынаны істемесең, үйге барғанда көретініңді көресің т.б баланы үнемі осындай марапат алуға үйрету немесе қорқыту баланы тәрбиелеу емес оның мүддесін жоққа шығару оны бопсалау болып саналады. Және бала белгілі бір істі жасағанда жауапкершілік алмайды, тек ғана марапатталу үшін жасайды.

Бала бір нәрсені қатты қалағанда, және өзін сол қажеттілігін толықтыруға әлсіз сезінгенде ата-ананы қорқыту жолына кіреді. Осы тұста, ата-ананың міндеті баламен бірге бала болу емес; баланың іс-әрекетін өзгерту емес қажеттілігіне қарай қарым-қатынас жасауы керек.

Ең бастысы, балаңызды түсінуіңіз, өзін сенімде екенін сездіру, маңызды. Мысалы; Маған ол ойыншықты қатты алғың келіп тұрғанын айтып тұрсың…. деп басталатын сөйлемдермен оны түсінгеніңізді сездіріңіз.

Екіншіден, баланыңыздың сезімдеріне назар аударыңыз және барлық сезімдерін қабылдаңыз. Көбі ата- ана баласы жылағанда шыдай алмайды, себебі олардың да жылауына рұқсат етілмеген. Жылау баланың ең табиғи қажеттілігі, балаңыз жылағанда онымен бірге екеніңізді сездіріңіз; Қазір қатты ашуланып тұрсың, көңілсізсің… сияқты сөздер сізге көмектеседі.

Бала өсу кезеңінде жаңа сезімдермен танысады, сол сезімдерді басқаруды осы оқиғалар арқылы үйренеді. Оның назарын басқа жаққа аудару кейінгі негітивті сезімдермен күресуіне кедергі болады. Сіздің тыныштығыңыз, ата-аналық мейіріміңіз балаңызға да жұғады.

Осылайша, баланың ӨЗІМЕН, сезімдерімен, қажеттілігімен байланыс жасау арқылы; Оның сіз үшін ең маңызды адам екенін алайда қазір ол ойыншықты алудың мүмкін емес екенін түсіндіріңіз.

Өнімділік кезеңі 5-11 жас

Эрик Эриксон, баланың болмысының қалыптасуы кезеңін 8-топқа бөліп зерттеген. Әр кезеңнің баланың өзіне тән толықтыруды көздейтін мақсаттары болады. Бұл мақсаттар – кейбір нәтижелерге қол жеткізумен қатар баланың жан деңгейінде қақтығыстар тудырады. Шешілмеген қақтығыстар баланың психологиясына өмір бойы жалғасатын қауіп төндіреді. Бұл кезеңде балаларды өте тұйық мінезді, өзіне сенімсіздік, өзін жеткіліксіз сезіну жиі байқалады.

5-11 жас аралығындағы дамудың төртінші кезеңі жасырын кезең деп аталатын баланың өнімділігіне қарсы өзін жеткіліксіз сезіну кезеңінде; Әлеуметтік қатынастардың дамып, баланың жаңа дүниелерді үйренуден жаңа істерді өндірісуге өтетін кезеңі. Және балалар өзін құрдастарымен жиі қарсыластырумен қатар, өз бетімен бір істі жасауы, жетістік көрсетуі, жеңуі әсіресе мектептегі жетістіктері өте маңызды.

Егер баланың оқуында, сөйлеуінде, қабылдауында қандай да бір проблема болса; сабаққа шоғырлана алмау, гиперактивті болуы, өте тұйық, ұяалшақ мінезді болу байқалады.

Эриксонның айтуынша, баланың болашақта еңбекқор, жауапкершілікті болудың алғашқы қадамдары осы кезеңде қалыптасады және нәрленеді.

Сонымен қатар, бұл кезеңде ата-ана баланың жасаған қателіктерін кінәлаудың орнына олардың жетістіктерін, қолдарынан келетін істерін бағалау, қабілеттеріне сәйкес бағыттарын анықтап өздірін жеткілікті сезінетін бағытта оларды қолдауы маңызды рөл атқарады.

Керек болса, маманнан көмегіне жүгіну керек.

Балаға дауыс көтерудің алдын алу жолдары.

Балаға дауыс көтеру, айғайлап сөйлеу сіз үшін бір әдетке айналып кеткенін мойындағыз. Айғайлап сөйлеу; Шынайы бір қарым-қатынас түрі емес екенін, балаңызға да сізге де және болашақта баланың жанды жансыз барлық дүниелермен қарым-қатынасына кері әсерін ететінін ұмытпаңыз.

Біреудің сізге үнемі айқайлап қарым-қатынаста болғанын ойлаңыз. Оған деген сезіміңіз қандай болмақ? Жан дүниеңізді жиіркену баурайды ма? Әлде сұйіспеншілік пе?

Айқайлап баланың көзін қорқытып алсам, кейін айтқанымды жасайтын болады деп ойлауыңыз тек ғана қысқа мерзімге сізге көмектеседі. Кейін одан да көбірек айқайламайынша бала айтқаныңызды жасамайтын болады.

  1. Балаңызды емес, өзіңізді бақылауға назар аударыңыз. Балаңызды өз қалауыңыздағы куклаға айналдыруды тоқтатып, оны өзгертуге жұмсаған енергияңызды өзіңіздің жағымсыз қасиеттеріңізбен жұмыс жасауға бағыттаңыз. Әй бұл бала бар ғой мені тыңдамайды, сосын айқайлаймын деп тұрғаныңызды сезгендеймін. Бұның орнына айқайлауды тоқтатып, баламмен байланыс жасаудың басқа тәсілдерін қарастыруым керек дегенді мойындаңыз.
  2. Балаңыздың сіз күтпеген жерден көрсететін қиқылжыңдарына дайын болыңыз. Әрине балаңыз өзімен-өзі тып-тыныш ойнап отырғанда айқайламайсыз ғой. Балаңызбен кейбір конфликтлердің болуы табиғи жағдай. Себебі балалар кейбір даму кезеңіндерімен бірге жан деңгейінде жылдам өзгерістерді бастан кешеді. Оның істеген әр-бір іс-әрекеті сіздің мүүддеңізге ғана қатысты бомайды. Қазақша айтқанда баламен бала болмыңыз. Сіз өзіңіз осы жасқа дейін өмірде қарсыласқан көптеген қиындықтарды жеңуді тәжірибелеріңіз арқылы үйрендіңіз. Ал бала проблеманы шешу, сезімдерді ашыққа шығару корфликті шешу сияқты кейбір дағдыларды жаңадан үйреніп жатыр. керісінше балаңазға криз кезеңінде өзіңізді бақылау арқылы үлгі болыңыз. мысалы өткенде осы бір мәселені жасағанда саған қатты ашуланып едім, ал қазір өз сеземдерімді қолға алып, тыныш болуға тырысып жатырмын дегенді ашық айтыңыз. Балаңыз да сіздің қателесетін, алайда өзін өзгертуге тырысатын ата-ана екеніңізді біле жүрсін.
  3. Балаңыздың өзін түсіндіруіне, жөнін айтуына мұрша беріңіз. Кейде ата-ана; – Cаған айқайлағаным үшін қатты өкініп тұрмын, бұдан кейін өзімді бақылауға тырысымын деп айтуға намыстыныды. Алайда қандай бір жанжалдан кейін екі адамның бетпе-беп сөйлесуі, түсінісуі келеңсіз жағдайдың жеңілдеуіне әсер етеді.
  4. Барлық ата-ананың баласымен қарым -қатынасында өзін ыңғайлы сезінетін жолдары болады. Ата-ана өзінің табиғи қабілетін түсінуі маңызды. Өзін өзі дамытуды қабылдау керек, оның мақсаты – өзіңізді дамыта бастағанда өмірден ләззат алып, оның мәнін түсіне бастайсыз. Кейбір әкелер баласымен бірге ойнауда қиналса да, онымен әңгімелесуде, бәлкім жарысуда тіл табысуы мүмкін. Кейбіреулер баласының сабақтарына көмектесе алмаса да, жақсы көретін тағамын жасау арқылы, бәлкім ішегіңіз қатқанша әдемі әңгімелесетін шығарсыз. Дегенмен қай салада баламен сапалы уақыт өткізе алатыныңызды анықтаңыз.

Балаға айқайлап сөз айту, қарым-қатынас жасауда ең оңай жол сияқты сезелуі мүмкін. Бұны өзгерту басында сіз үшін де балаңыз үшін де оңай болмайды. Сонда да балаңыз үшін өзіңіз үшін Мейірімді болуды таңдаңыз. нәтижесінде талпынысыңыздың нәтижесін молымен көретін боласыз.

Жасөспірімдер неліктен видио ойындарына тәуелді?

Қазіргі жасөспірімдерді жиі қолданатын #tictoc және басқа да видео ойындарымен қараусыз қалдырмаңыздар. Балалар бұл жерде өз жасына сәйкес келмейтін бейнелерді көріп ғана қоймай, кейін өздері де түсіреді…
Осы уақытқа дейін жасөспірімдердің телефонға, видео ойындарына тәуелділігінде байқағаным.

  1. Жасөспірімдер өмір сүріп жатқан ортаға өз көз-қарастарының сәйкес келмейтінін сезінгенде, тұла бойларын жалғыздық жаулағанда жасанды ойындарға қашады.
  2. Жасөспірімдер жан-жағында болып жатқан құбылыспен, қарым-қатынаспен байланысы үзілгенде видио ойындарымен байланыс жасайды. Яағни өздерін ойындарға көмеді. Үйде үнемі ұрыс-керістің болуы, созылмалы науқастың болуы және ата-ананың ажырасуы, баланы мазалайтын ойлырдың болуы өмір сүрудегі мәнінің жоғалуына және ойындардан ләззәт іздеуге бейімделеді.
  3. Отбасында телефонға тәуелді біреудің болуы; Баламен ата-ананың қарым қатынасының әлсіреуіне байланысты балалар шынайы өмірден алыстайды. Ата-аналар мұқият болыңыздыр!

Қыз балаларыңызға айтыңыз

«Қыздарыңызға өз денеңізді қандай жақсы көретіндігіңізді және олардың да өз денелерін жақсы көруге мәжбүр екендігін айтыңыз.

Дене бөлшектерінің әрқайсысының мақтан тұтарлық екенін айтыңыз; жамбастарының бейнесінен, жұмсақ еттеріне дейін; мейлі үлкен болсын мейлі кішкентай…

Беттеріндегі сепкилдер оны бүркеп тұрғандай ма, бет-әлпеттерінің пішіні жалпақ немесе жіңішке болсын,
шаштары үрпиген ба әлде бұп-бұйра ма; түзу, ұзын немесе қысқа болсын.

Бұлардың бәрі олардың ата-бабаларынан мұра екенін айтыңыз; күлімсірегендерінің өзінде олардың рухы бар екенін,
көздерінде тарихқа дем салатын өмір сыйлаған елдерді қалай мұра еткенін айтыңыз.

Жамбастары олардың тағдырын анықтамайтынын түсіндіріңіз…
Басқалар олардың денелерін кемсіткенде ешқашан тыңдамауын ескертіңіз..
Оларға әр әйелдің денесі әдемі екенін айтыңыз өйткені әр әйелдің жаны (әлемі) ерекше жаратылған »-

Өлеңді жазған: Никита Гилл, Қазақ тіліне аударған Ахгуль Хусаяан

Ана болдым, бала болдым

Қарым-қатынастарымыз біздің айнамыз үкімінде. Себебі біз басқалармен байланысымыз арқылы жараланамыз, жазыламыз, дамыймыз және өзімізді таныймыз.

Әрбір ана баласын дүниеге әкелгенде баламен өмірге екінші рет қайтадан туылғандай болады., Бұл баламен байланыс кезеңінде әсіресе баланың кейбір қиын сезімдеріне, іс-әрекеттеріне қарсы көрсеткен реакциясының КІМ? екенін анықтау өте маңызды. Менмін бе әлде анам ба?

Сол сияқты сіз ана болғанда, өзіңіздің балалық шағыңызға қайтадан оралып ғана қоймай, тіпті тереңірек айтқанда ата-бабаларыңыздың балалық шағына ораласыз.

Ана болғанда бейсаналы түрде өз анаңыздың рөліне кіресіз. Санаңызға басқаша тоқып, оқысаңыз да, анаңыздың жасағандарын жасайсыз. Бала мен ананың арасындағы нәзік, қасиетті байланыстың үзілуі міне осыдан басталады. Баланы аяамай ұрып соғу, өзін емес қолын жұмсау, жазалау міне осылардың салдарынан…

Бұл тұста, өз аналық табиғатыңызды табу ең негізгі мәселе.
Бұл ӨЗІН, өз өмірінің мәнін балалықтан бері қалыптастырған куәлігін, өмірмен байланысына қайтадан көз салу арқылы жалғасады. Шын мәнінде өмірде өзімен еш табыса алмай өмір сүретін адамдар өте көп, көбінде ШЫНАЙЫ өзіңізбен жолығу психологиялық көмек алу арқылы шешіледі.

Әрине әр адам терең бір психология және әрбір адам бір ЖҰМБАҚ, өмірдің мәні сол жұмбақтың жауабын табу кезеңімен бірге қалыптасады.

Баланың қоғамға тұйық болуы

Балалар табиғатынан жаңа ортаға кіргенде немесе бөтен адамдармен қарсыласқанда алдымен жан-жағын біраз бақылайды; ортаға тұра кірісіп кетпейді. Себебі бірінші сырттан келетін физикалық, эмоциялық, психикалық қауіп-қатердің жоқтығына көзі жеткеннен кейін өзін сенімді сезінгенде алаңсыз түрде жаңа ортаға бейімделеді.

Ата-аналар көбінесе басқа балаларды ұрып-соғатын, сөйлеп қалған, шектен тыс қозғалысты балаларды ашық мінезді деп ойлайды. Алайда мұндай балалардың көбі кішкентай кезінен өзімен-өзі жалғыз өскен немесе өзін қорғауға мәжбүр болғандар. Сонымен қатар олардың емпатиялық (басқаларды түсін, сезіну) қабілеттері өте әлсіз болады.

Баланың тұйық болуының себептері:

1.Анасынан эмоционалды жылуды жеткілікті ала алмаған бала тұйық болады.
Ана баламен үнемі бірге болса да, балаға қажет сүйіспеншілік пен мейірімді бере алмаған жағдайда баланың анамен қарым-қатынасы «сенімсіз байланыс» пен қалыптасады. Мысалы, егер бала анасының қарбалас болуына байланысты анасынан алатын махаббатқа қол жеткізе алмаса, бала өмірге алаңдаушылық қадам жасайды, және жан деңгейінде үнемі қобалжуда болады. Бұл жағдай оның өмірінің әр сәтінде өзін көрсетеді. Себебі баланың өмірмен сеніммен байланыс жасауы анасымен сенімді байланыс арқылы қалыптасады.

  1. Қатыгез, ашушаң ананың баласы әдетте тұйық мінезді болады. Анасының ызақор болуы, әкенің баламен жеткілікті қарым-қатынас орната алмауы, отбасында сыйластыққа негізділген қарым-қатынастың болмауы, ұрыс-керістің жиі болатын отрада баланың өзін құнсыз, елеусіз сезінуіне әсер етеді. Және ішкі әлеміне көмілуіне әкеледі.
  2. Отбасында өзін түсіндіре алмаған бала тұйық болады. Отбасында өзін бар болмысымен қабылдата алмаған; үнемі келемеждеп, сынап-мінелген бала ата-анасымен рухани байланыс орната алмайды тұйықталады. Баламен неғұрлым рухани байланыс орнатылса, баланың қойған сұрағына уақытында жауап беріп, көңіл бөлінсе бала ашылуға ынталанады.
    Балалықтың алғашқы жалдары (2-6 жас) баланы үнемі шектеу, барлық қажеттілігіне тыйым салынған бала сыртқы қарым-қатынасқа жабылады.
  3. Әсіресе баланың кішкентай кезінде балаға жоқ, болмайды сөздерін басқаша жолмен түсіндіру маңызды. Себебі, мәселенің себебін түсінбейтін бұл кезеңде үнемі тыйым салынған баланың сезімдері аггрессивті болады. Бұл байланыс түрімен баланың диалог жасауға, сөйлеуге деген құлшынысы азаяды және тұйық болуға мәжбүр болады.

Шектеу ме әлде қысым көрсету ме?

Қазіргі таңда, ата-аналар шектеу мен қысым екеуінің арасындағы балансты табуды білмейді. Шектеу қойсам балам тәуелсіз болмайды деп ойлайсыздыр. Әдетте шектеу жоқ жерде тәуелсіздік те болмайды. Шектеулер біздің еркіндік алаңымызды белгілейді. Шегін білмесе, өзін басқару қабілеті де дамымайды. Шегін білмеген бала, өз еркімен басқаларды сабау, жыныстық қарым-қатынасқа, шылым шегуге әуестену тағы басқа іс-әрекеттерге бейім болады.

Шектеу, ата-ананың қалағанын балаға күшпен жасату ма? Тамағыңды жемесең мультик көрмейсің дегеніміз шектеу ма әлде қысым ба?

Олай болса баламды қалай шектеймін?

Ең әуелі шектеу баланы емпатиялық түрде түсінгеннен кейін қойылады. Әрине шектің де шегі бар дегендей, баланың қашанда таңдау құқығы бар. Бұл таңдаулар баланың өзін бағалауға көмектеседі; Алайда баланың жас ерекшеліктеріне қарамастан жүктелген сұраныстар мен таңдаулар ересектердің өз жауапкершілігін оларға жүктегенмен бірдей. шектеу кезінде баланың да келісімін алу керек, өзі қабылдаған ережені баланың көнуі де оңай болады.

Бала нені таңдай алады? Отбасылық мәселелерді таңдау жасауды балаға жүктеуге болмайды. Себебі қандай кезеңде болсаңыз да балалардың психикалық және миларының даму процесстерін ұмытпау керек; Балалар сезімдері арқылы шешім қабылдайды, және балалық кезеңде

маңдай милары кейінірек дамыйтын болғандықтан, олар болашақ жоспар жасау, болжау, қабілеті дамымайды. кейбір іс-әрекетінің нәтижесін ойламай жасайды. Мысалы, олар үшін магазиннен бір кукла көріп, інілі болғым келеді деп айта салу оңай… Сондықтан да, балаға бұл сенің таңдауың, көретінің осы деу эмоциялық зорлықтың көрінісі.

Эмоциялық зорлық-зомбылық баланың болмысына, құндылықтарын жоққа шығару, оны кемсіту, қорқыту іс-әрекеті. Бала осылайша өзін бағаламауы, ешкімге керексіз сезіну кезінде басқалардың қажеттілігін толықтырғанда өзін қабылданғанын сезгенде қалыптасады. Бұл балалар болашақта, әйелдер ересейгенде өзін кінәлау, ұяалу, депресион ретінде, ал ерлер қашу, басқаларды кінәлау, ашумен көрсетеді. Мен жеткілікті емеспін, кінәлімін, мені қабылдамайды деген сөздеріңіз осы балалық травмалардың кесірі.

Шектеу кезінде ата-ананың рөлі мен балға үлгі болуы маңызды. Кейде ата-ана өз қажеттілігін жоққа шығарып, баланың қалауын бірінші орынға қояады. Бұл өтірікті көрген баласы да, өзі қаламаса да, басқа біреудің айтқанын істеуге мәжбүр сезінеді. Бұл тұста бала жалғыз қалу мен мойынсұну арасында таңдауға мәжбүр болады. Мәжбүр сезінген бала, өз күшінен емес корқыныштары арқылы шешім қабылдайды. Бұл істі жасамасам, мені қабылдамаыды деп ойлайды.

Бала бір істі жауапкершілікті себебін түсінгенде жасайды. Ешбір марапатт немесе жаза іс-әрекетті ұзақ уақыт жалғастыруға көмектеспейді.

Балаға физикалық түрде, өз денесінің де шегі бар екенін сездіру ата-ананың көрсетуі арқылы қалыптасады. Қысқаша айтқанда, барлық істі жасайтын потанциялының жоқ екенін, өзі қаламаса жоқ деп айта алуды үйрету керек.

Шектеулер өзін бағалаудың, басқаларды сыйлаудың, жақсы көрудің көрінісі.

Skip to toolbar