
Құрметті ата-аналар кейде балаңызға барлығын түсіндіріп, қолыңыздан келгеннің барлығын жасадыңыз бірақ ол еш мүмкін емес қажеттілігін сізге айтып қоймайды. Кйім кймеймін, жалаңаш жүремін дейді суық күнде не істейсіз.
Болмайды дейсіз балаңыз айқайлап жылап қоймайды. Ашуландыңыз, қорқыттыңыз еш пайдасы болмады. Егер үйде сөзі өтетін біреу бар болса мысалы әкесі оны сол сәтте ғана өз авторитетімен көндіруі мүмкін бірақ олар әр қашан жаныңыздан табыла бермейді ғой я. Балалар болмайды деген сөзді түсіне бермейді, олардың бұл табандылықтарына ата ана бақырып-шақырып өз күштерән көрсетуге тырысады.
Осындай кездерде балаңызға ережелерді есіне салып, назарын басқа жаққа аударуға тырыссақ та кейде бұл тәсілдеріңіз сізге еш көмектеспей, тығырыққа тірелесіз, не істеріңізді білмейсіз…
Осындай сәттерде сізге ұсыныс:
Балаңыздың алдына тізеңізді бүгіп, отырыңыз, көзіне қараңыз, екі қолын ұстаңыз. Оның сөздерімен не қалағанын өзіне қайталап айтыңыз; Далаға қалың курткамен шыққың келмейды,ыстықтап кетемін деп еш кигің келмейтінін де түсініп тұрмын. Сенің қалағаныңдай болуын мен де қалар едім, бірақ бұған жол бере алмаймын. Cебебі сен мен үшін қымбат жансың, сенің ауырып қалуыңды қаламаймын…
Осылайша сөйлескеннен кейін, оның біраз ойнанып-толғануына рухсат беріңіз, жалғыз қалдырыңыз. Лезде әрекет жасап сізге қарай ұмтылмайды.
Әрине мама түсіндім деп келіп бас салып сізді құшақтай қоймайды. Бірақ жылағанын жалғастырса да сізді тыңдыды, ойланады. Әрине балаңызға келіп менімен сөйлескің келсе жаныма кел.
Қандай бала бұл сөзден кейін ары кеткенде 20 минуттан кейін келіп, сізбен сөйлесуге бейімделеді.