
Ата-ана балаға үйрететін ең басты құндылығы ол- баланың өзін бағалау, құрметтеу сезімі болуға тйісті. Өзіне деген құндылығы; Өзін бағалай білуді үйретуі. Алайда өзінің құнын білмеген басқа дүниелерді де (адамдар, жан-жануарлырды, ойыншықтар, үй жиназдары.. ) бағаламайды. Баланың өзін бағалауы, ата-анасының оны бағалауымен қалыптасады. Біздің қазақтар көбінесе балаға көну, мойынсұнуды насихаттайды… Алайда өз қажеттіліктерін жоққа шығарып, үнемі басқалардың жолымен жүру, адамның өзінің өзінде жоқ екенін білдіреді.
- Бала туа салысымен алғашқы жылдар өзінің сыртқы келбетін зерттей бастайды бұл онда “менің сыртқы көрінісім қандай?” деген сұрақтың жауабыр табуға бейімдейді. Кейін өз дене-мүшелерін тани бастайды бұл “менің қолынан не келеді?” дегенді сұрақты зерттеуге итермелейді. Осылайша өзінің басқалардан ерекше қасиеттерін анықтап, тани бастайды. Кейін мектепке бастпумен бірге әлеуметтену; достарының талаптары мен ата-ананың қалауының өзгеше болуы және өз сезімдері мен пікірлерін танып, “мен қалай ойлаймын, мен қалай сеземін?” деген сұрақпен өзіне кіші-гірім зерттей бастайды. Осылайша балада “Өзін қабылдау, өзін бағалау” қалыптасады.
- Осы қалыптасу кезеңінде баланың болашақта жетуді көздейтін идеал кейіпкері және сырттай адамдарға қалай көрінетіні жөнінде екі түрлі бетпердесі болады. Осы екеуінің арасындағы қашықтық көбейген сайын баланың өзін бағалауы төмендейді. Ал екеуінің арасы жақындаған сайын өзін бағалауы да жоғарлайды. Ата-ананың баламен байланысының тұрақты болуы, баланың да тұрақты іс-әрекет қалыптастыруына, өсіп-жатқан ортасының қауіпсіз болуы, оны ешбір шатсыз қабылдау, шектеулердің тұрақты және айқын болуы, оның сезімдерін қабылдау өзінің жеке тұлға екенін сезінуіне өзін бағалауына тікелей ықпалын тигізеді.
Осылайша өзінің құрметтелгенін сезген бала, айналасындағы барлық тіршілік иелерін, тіпті заттарды да құрметтейтін болады.