Author Archives: Admin

Мама сабаққа барғым келмейді

Әр үш баланың біреуінде мектеп фобиясы болады. Бұл фобия (қорқыныш) олардың әлеуметтік қабілетінің және академиялық жетістігінің төмендеуіне тікелей әсерін тигізеді.

  1. Балаңыздың күнделікте рутинін мектептен кейін күрт өзгертпеңіз.
    Қолыңыздан келсе одан онымен бірге уақыт өткізуге тырысыңыз.
  2. Балаңыз мектепке барарында алаңдамаңыз, сіздің бұл күйзелісіңіз балаңызға да әсер етеді.
  3. Онымен еріп мектепке қайта қайта бармаңыз, себебі балаңыз мектепке қарсы сенімсіз болады.
    Балаңыздың достары мен мұғаліміне сенім артуы шарт.
  4. Балаңыздың ойыншықтары мен ойындарын шектемеңіз; бұл мектептен сууына себеп болады.
  5. Балаңыздың жауапкершілігін арттырмаңыз, және оның жауапкершілігін өзіңізге алмаңыз.
  6. Кейбір балалар ата-анам мені жақсы көрмейді сондықтан мектепке жібереді деп ойлайды.
    Балаға себебін түсіндіріңіз!
  7. Мектепте қалай өтті деп сұраңыз, бірақ қайта-қайта егжей-тегжейіне дейін оны сұрақтың астына салмаңыз.
  8. Онымен мақтанатыныңызды, өте үлкен жетістіктерге қадам басып жатқанын айтыңыз!

Баламды балабақшаға қалай бейімдеймін?

Балалардың балабақшадан қашатын ең негізгі екі себебі; 1. Балаңыздың айрылу/ ажырасу сезімі. 2. Ата-анасының оны тастап кетуі, баладан бас тартуына деген сезімі жатады.

Балаңыздың балабақшаға қорықпай, өзіне сенімді аттануына сіз көмектесіңіз.

Бұл қорқыныштарын жою үшін атақты психолог Берлиннің 3 кезеңнен тұратын моделіне назар аударыңыз.

  1. Негізгі кезең. Бұл уақытта ата-ана мен баланың балабақшаны тануы, ол жерге үйренуіні үшін алғашқы 3 күн бірге барып балабақшының бөлмесін, достарын апайын көреді. 1.күн 1 сағат, 2. Күн 2 сағат, 3. Күн 3 сағат ата-анасымен бірге болғаны абзал.
  2. Шоғырландыру кезеңі. Бұл кезеңде біраз көзі үйреніп, алаңдаушылығы кетіп қалған баланы енді ақырфндап балабақшаға тастап үйрету кезеңі. Бұл кезең 4 тен 10 күн аралығында өтеді. Мақсат бала мен апайдың арасындағы байланысты нығайту. Бұл кезеңде ата-ана баланы тек ғана ұзақтан бақылайды. Бала апаймен ғана байланыста болады.
  3. Бітіру кезеңі. Бұл кезеңде егер бала мен балабақша арасында позитивті байланыс болған жағдайда ата-ана баланы балабақшаға тастап өзі, жұмысына кетеді. Алайда бала анасын іздеп жыласа ата-анасы келіп балаға демеу болады. Кейбір балалар 3 күнде үйреніп кетсе, кейбіреулер 1 апта бойы үйрене алмай жылайды. Балалардың бәрі бірдей емес..

Ата-аналарға ұсыныстар:

Баланы балабақшаға апарардан бұрын оның қажеттіліктерін балвңыздың өзі таңдауына рұқсат беріңіз.

Балаңызға көрінбей қашып кетпей, кешкісін келемін деп айтып кетіңіз.

Балаға балабақша туралы позитивті ертегі, әңгімелер айтыңыз.

Балаңыз балабақшаға барғанда жанына өзінің жақсы көретін бір затын (ойыншық) алып баруына рұқсат етіңіз.

Skip to toolbar