Балалармен ынтымақтастық орнату

Біздің қоғамдық санамыз дисциплина деген не? деген сұраққа, көбі тыйым салу, билік, жазалау, шектеу қою, қатал болу деген сөздермен жауап береді. Шын мәнінде дисциплина сөзінің шығу тегі латын тілінде үйрету және үйрену дегенді білдіреді. Яағни «disciplina» сөзіне негізделген үйтеруші «Шәкірт» пен білім алушы деген мағынаны білдіреді.

Олай болса, баланың өзін тануы, үлкендерді құрметтеуі, білгілі бір ортада басқалармен салауатты қарым-қатынас жасауды үйренуі отбасындағы ата-ананың үйретуі, олармен ынтымақтастық орнатуы арқылы жүзеге асады.

Енді сізден сұраймын: Балаңыздың белгілі бір іс-әрекетін ұнатпадыңыз , сіздің қалауыңыз не болады? Сөзіңізді өткізу ме әлде балаға дұрыс әрекетті үйрету ме? Көбі ата-ананың жауабы балам өзінің қателігін мойындап, сол әрекетін тоқтатса деп күтеді. Және бұл қалауын жасату үшін ең бірінші жол ретінде күш көрсетуді таңдайды, себебі өзіне де балалық кезінде солай жасалған. Алайда, бұл мәселені шешпейді тіпті одан ары ұшықтырады.

Адамдар қорқыныш, ашу-ыза, қайғы-мұң сияқты қарқынды сезімдермен күресу кезеңінде, мидың логикалық ойлау жүйесі жұмыстамайды. Тек ғана қашу немесе күресу механизмдері іске қосылады. Өз сезімдеріңізді реттеуді білмесеңіз, балаңызға да ең қиын кезде қалай әрекет етіп, өзін тыныштандыруын үйрете алмайсыз. қатты ашуланғанда, жасалу керек қадамдар;

  1. Тоқтау! Бір тоқтап, өзіңіздің ішкі әлеміңізге үңіліңіз. Сізге ауыр келген мәселені түсінуге тырысыңыз. Балаңыздың сізді тыңдамағаны, кішкентай балаға күшіңіздің жетпегені сізді мазалайды ма? Әлде сіздің де балалық кезіңізде сізді ешкім түсініп, қалауыңызды тыңдамады ма? осылайша не істеу керек екенін білмей жатырсыз ба? Әрине баламен байланыс орнату үшін бірінші өзіңізді тыныштандыру керек.
  2. Баламен байланыс жасауғы тырысыңыз! Балам неліктен, қандай қажеттілігін толықтыру үшін осы бір әрекетті жасады екен? Оған қазір не үйреткім келеді? Және оған үйреткім келген дүниені қашан, қалай үйрете аламын? деген сұрақтарды ойланыңыз.
  3. Баланың құйындай бұрқырағын сезімдерін тыныштандыру. Бала өзін түсіндіре алғанда тыныштанады. Түсіндіру деген сөз мойындау дегенді білдіреді. баланың қатты қорыққанын, қуанғанын, өкінгенін, ашуланғанын түсіну. Ата-ана осыған да жылайсың ба деп емес, ініңмен бірге болғаным үшін маған ашулысың деп оның сезімдерін мойындасаңыз, бала тезірек тынышталады.
  4. Балаңызды тыңдаңыз. Сезімдерін мойындағанда бала ата-ананың оны түсінгенін, қабылдағанын сезеді және өзінің де қажеттіліктерін, келіспеушіліктерін бөлісе бастайды. Егер бала осы қадамдардан кейін шынымен тынышталаған болса, сізді жан құлағымен тыңдауға дайын болады. Сонда ғана, балаңызбен өзіңізге (ересек адамға) жарасатын әрекетпен қарым-қатынасқа түсе аласыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Post Navigation

Skip to toolbar