Анасы тойғыза алмаған баланы дүние тойғыза алмайды.

Нәресте үшін анасының омырауы, ең маңызды баға жетпес ас болумен қатар негізінде ананың емшегі баланың әлемі үкімінде. Жер бетіне келген баланың осы әлемге бейімделуі, байланыс орнатуы, өзін қауіпсіз сезінуінде ананың омырауының бала үшін ерекше мәні бар. Ему кезінде ана баласымен көзі арқылы, жанасу арқылы байланыс жасайды. Кішкентай нәрестені алғаш рет емізген сәттен бастап ананың тұла бойын айрықша мейрмділік билей бастайды. Бұл жаратқанның ана мен балаға берген сыйы болса керек.

Баланың әлемге деген көз-қарасын, нәзік байланысын бекемдеу үшін алғашқы үш жылында анасымен рухани тұрғыдан бірге болуы өте маңызды. Баланың негізгі қажеттілігі-оның қарнының тойғаны емес, жанының тойғаны; Оны бар болмысымен қабылдайтын және өзінің бағып-қағуға лайықты екенін сезінуі керек. Бұл сезімді балаға берер жалғыз адам ол АНАСЫ, баланың өзіне деген сенімділігінің көзі анасының оған деген қарым-қатынасынан басталады. Бала бір нәрседен қорыққанда, ашуын реттей алмағанда білетін жалғыз әдісі – АНАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫНДА болу. Ананның құшағында бала сыртқы әлемде өзіне төнген қауіптен паналайтын сенімді жердің бар екенін сезеді, түйсінеді.

Бұл тұста ананың балаға айтқан сөздерінен гөрі жасаған іс-әрекеттері маңызды. Осылайша анасымен арасындағы сенімді байланыс арқалы басқа адамдармен алаңсыз, қорықпай, жалтақтамай, ұяалмай сенімді қатынас жасай алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Post Navigation

Skip to toolbar