Жұмақ менің аяғымның астында ма?

Мен анамын, бірақ мен қасиетті адам емеспін. Менің қателіктерім бар, сезімдерім бар, себебі мен адаммын. Жұмақ менің аяғымның астында емес. Ана болу менің Құдайдың алдындағы парызым емес, бұл менің табиғатымның бір бөлігі. Менің адам ретінде балаларыма, өзіме, әлемге, өмірімдегі басқа адамдарға деген жауапкершіліктерім бар. Бірақ менің балаларым маған қарыздар емес.

Менің жүрегімде Құдайдың маған берген нығметі; мейрімі бар, және мен балаларыма мейрімдімін және олардың да маған деген махаббатын сеземін.

Балаңызды, сіздің қалағаныңыздай адам болмай қалады деген қорқынышыңыз, сіздің анаңыздың қорқынышы екенін түсінемін. Баланың анасына өзін үнемі қарыздар сезінуінің оңай емес екенін білемін.

Балаңыз сізді АНА деп қабылдап, жақсы көруі үшін сіздің Қасиетті адам болуыңыз керек емес. Сізге тек АДАМ болу жетеді.

Балаңызға сенің жұмағың менің аяағымның астында дегенді сездіру, балаңыз екеуіңіздің араларыңызға үлкен бір қамалдан басқа ештеңе бермейді. Бұл ұстанымыңыздан балаңызды босатыңыз!?

Сіздің балаңызға деген жылулығыңыз, күлімдеген көзіңіз, оны бар болмысымен шартсыз қабылдауыңыз, мейіріміңіз СІЗ және БАЛАҢЫЗ екеуіңізді шынайы махаббатқа апарар жолдың дәл өзі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Post Navigation

Skip to toolbar