Қуыршақ бала

Баланың ата-ананың айтқанының бәрін жасауы оның жансыз қуыршаққа айналғанын білдіреді. Қуыршақ, үндемейді, тыңдамайды, ауырмайды, сезбейді. Көбі ата-ана баланы айтқанымнан шықпайды, жыламайды, ашуланбайды деп, баланың жансыз болуын, тәртіптілікпен сипаттайды.

Ал баланың ата-ананы тыңдамауы, үндемеуі шын мәнінде үндеудің көрінісі. Бұл тұста әр ата-ана өзіне төмендегі екі сұрақта қоюы керек. Бұл бала іс-әрекетімен бізге не айтқысы келіп, нені меңзеп тұр? Неліктен екі құлағын жабуға мәжбүр болды?

Балалар нәрестеліктен балалық шаққа өтумен бірге өзіне деген сенімі артып, өз деңгейінде ата-анадан тәуелсіз әрекет жасай бастайды. Сіздің кішкентай балаңыз сонда да өзін құрметтеуді күтеді. Мысалы: Сынған ойыншықтарын рұқсатсыз қоқысқа тастадыңыз, бала өз сезімдерін құрметтемеген ата -ананың бұл әрекетіне өздері сияқты жауап қайтарады.

Бала үнемі өз болмысын қалыптастыру үстінде болады, бұл тұста баланың өміріне төңген қауіп-қатерлерге кейбір қорғаныс әрекеттері арқылы жауап береді. Бұлар үнсіздік, тыңдамаушылық, айқайлау т,б.

Айтқанымды істеп, менің нұсқауыммен өмір сүр деу, баланы адам емес, жансыз қуыршаққа айналдырады. Өз болмысын, ата-ананың жаралаған жүрегін қорғау үшін бала бейсаналы түрде бірінші сезімдерінен бас тартады, екінші басқалармен байланыс жасайтын ең негізгі мүшесі құлағын жабады. Бұл психология ғылымында “selective mutism ” – таңдамалы үнсіздік деген атпен зерттеледі.

Ата-ананы сыйлаған бала оны тыңдайды. Балалар сіздің айтқаныңызды жасаудан басқа өздеріне тән өмірлері бар екенін ұматпаңыздар. Балалар үнемі бақылап, бұйрық беруге тырысатын ата-анадан көңілі қалады. Баланың ата-ананы тыңдауы үшін алдымен олардың қарым-қатынасы сүйіспеншілік пен сенімге негізделуі керек. Өкінішке орай, өз күшін көрсетуді біріншіге қояатын ата-аналарды бала тыңдамайды, құрметтемейді.

Бала өз мәселелерін шешуге көмектесетінін түсінген кезде ата-анамен үйлесімді болады. Мүмкін, оның үй тапсырмасын орындағысы келмейтіні күнделікті ойнау қажеттілігін толықтыра алмағынын көрсетуі мүмкін.

Балалар бір істі не үшін жасау керектігін бізден артық біледі. Алайда Ішкі мотивациясын жоғалтқан бала, үнемі сырқы бақылау, насихаттау, марапаттаумен әрекет жасайды және бұл ұзақ уақытқа созылмайды. Бала өзінің қолынан келетін бір нәрсені жасай алғанда келесі жолы одан да жақсырақ жасауға ынталанады. Үнемі марапаттау, жұлдыз беру немесе жазалау сияқты сыртқы күш баланың ішкі мотивациясын азайтады және жояады. Әрине ішкі мотивация сыртқы мотивациядан баяау әсер етеді алайда тұрақты және нық болады. Бұл тұста баланың өзінің жылдамдығын құрметтеу керек.

Баланың қоғамға бейімделе алмауы, жалтақтауы, тыңдамауы, үндемеуі, түнде жылауы, ұйқысының әлсіреуі, қорқынышы бар болса маманның көмегіне жүгініңіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Post Navigation

Skip to toolbar