Ойыншықты алып бермесең, жылаймын.

Бөлмеңді жинасаң, мультик көруіңе рұқсат беремін. Мынаны істемесең, үйге барғанда көретініңді көресің т.б баланы үнемі осындай марапат алуға үйрету немесе қорқыту баланы тәрбиелеу емес оның мүддесін жоққа шығару оны бопсалау болып саналады. Және бала белгілі бір істі жасағанда жауапкершілік алмайды, тек ғана марапатталу үшін жасайды.

Бала бір нәрсені қатты қалағанда, және өзін сол қажеттілігін толықтыруға әлсіз сезінгенде ата-ананы қорқыту жолына кіреді. Осы тұста, ата-ананың міндеті баламен бірге бала болу емес; баланың іс-әрекетін өзгерту емес қажеттілігіне қарай қарым-қатынас жасауы керек.

Ең бастысы, балаңызды түсінуіңіз, өзін сенімде екенін сездіру, маңызды. Мысалы; Маған ол ойыншықты қатты алғың келіп тұрғанын айтып тұрсың…. деп басталатын сөйлемдермен оны түсінгеніңізді сездіріңіз.

Екіншіден, баланыңыздың сезімдеріне назар аударыңыз және барлық сезімдерін қабылдаңыз. Көбі ата- ана баласы жылағанда шыдай алмайды, себебі олардың да жылауына рұқсат етілмеген. Жылау баланың ең табиғи қажеттілігі, балаңыз жылағанда онымен бірге екеніңізді сездіріңіз; Қазір қатты ашуланып тұрсың, көңілсізсің… сияқты сөздер сізге көмектеседі.

Бала өсу кезеңінде жаңа сезімдермен танысады, сол сезімдерді басқаруды осы оқиғалар арқылы үйренеді. Оның назарын басқа жаққа аудару кейінгі негітивті сезімдермен күресуіне кедергі болады. Сіздің тыныштығыңыз, ата-аналық мейіріміңіз балаңызға да жұғады.

Осылайша, баланың ӨЗІМЕН, сезімдерімен, қажеттілігімен байланыс жасау арқылы; Оның сіз үшін ең маңызды адам екенін алайда қазір ол ойыншықты алудың мүмкін емес екенін түсіндіріңіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Post Navigation

Skip to toolbar