Өз орныңды біл!

Бұл әлемде кем дегенде бір адам бізге өз орнымызды білдірмегенде, сенің орның осы жер демегенде, өмірде де өз орнымыздың жоқ екенін түйеміз. Ал шын мәнінде осы өмірде өз орныңның бар екенін білу отбасында басталады. Қонық келгенде жейсің, ол жерге отырма, ол орындық пәлемпайдың орындығы деген сөздер…

Ал қазіргі тіршілігіңізде осы әлемде сіз үшін бір орын бар ма? Өзіңіз үшін алған бір белет, жайғасып отыра алатын бір орындық, өзіңіз үшін алғын ыңғайлы бір диван сіздің әлемде өз орныңыздың бар екенінің симболдық жақтары. Яки, осыларды жасай алу, өзінің бұл қысқа ғұмырында, өз қалауынша өмір сүре алатынын мойындаған адамның бір тұтам көрнісі. Өзіңізге тән бір орныңыздың болуы, бір бөлмеңіз, бір үйіңіздің болуы өмірде сіздің өз орныңыздың бар екенін мойындаудың бір қадамы шығар бәлкім.

Жасырынбақ ойыны

Баланың бір ойынды үнемі ойнауының да мән мағынасы бар. Себебі әр бала өзіне не керек екенін біз ересектерден де жақсы біледі.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жасырынбақ ойынының астарында қандай терең мән бар екенін ашқым келді.
Кішкентай бала үшін көз алдында көрінетін зат ғана бар, өзі көрмеген зат бала үшін жоқ деген ұғыммен бірдей. Жасырынбақ ойыны; өмірдегі әр-бір заттың тұрақтылығы сияқты маңызды байланысты ұғынуына көмектеседі. Яағни, көрінбейтін, құлағының естілмейтін немесе қол тигізбегенде де өмір сүруді жалғасатынын түйсінеді. Ойын барысында бала; Егер маған керек болсаң, мен сені қашанда таба аламын, егер жасырынып қалсам, сен мен үшін қашанда келесің дегенді ұғанады.

Сонымен қатар, жасырынбақ ойыны кезеңінде бала жақындарынан алыстау және қайтадан қауышуды, сондай-ақ бала өзінің құндығы мен басқаларға сенім артуды бойында сүреді. балабақшаға жаңа бастаған бала, анасының тастап кеткенінде, оны көзімен көріп, құлағымен тыңдамаса да онығ бар екенін сезінеді, мазасыздығы азаяады.

Адам өмір бойы айрылудың қайғысын басынан кешеді. . Жасырынған бала өзінің жеке басымен жалғыз қалғанда бір жағынан тәуелсіздігін сезінеді. Бұл ойын балаға дербестік пен бөлінуден қорқуды жеңуге және қараңғыдан қорқатын балаларға көмектеседі яағни өз күшінің бар екенін сезінуіне мүмкіндік береді.

Бала мен ананың арасындағы сенімді байланыстың үзілуінде, жасырынбақ ойынын тұрақты ойнау арқылы қалыптастыруға әбден болады.

Балалармен ынтымақтастық орнату

Біздің қоғамдық санамыз дисциплина деген не? деген сұраққа, көбі тыйым салу, билік, жазалау, шектеу қою, қатал болу деген сөздермен жауап береді. Шын мәнінде дисциплина сөзінің шығу тегі латын тілінде үйрету және үйрену дегенді білдіреді. Яағни «disciplina» сөзіне негізделген үйтеруші «Шәкірт» пен білім алушы деген мағынаны білдіреді.

Олай болса, баланың өзін тануы, үлкендерді құрметтеуі, білгілі бір ортада басқалармен салауатты қарым-қатынас жасауды үйренуі отбасындағы ата-ананың үйретуі, олармен ынтымақтастық орнатуы арқылы жүзеге асады.

Енді сізден сұраймын: Балаңыздың белгілі бір іс-әрекетін ұнатпадыңыз , сіздің қалауыңыз не болады? Сөзіңізді өткізу ме әлде балаға дұрыс әрекетті үйрету ме? Көбі ата-ананың жауабы балам өзінің қателігін мойындап, сол әрекетін тоқтатса деп күтеді. Және бұл қалауын жасату үшін ең бірінші жол ретінде күш көрсетуді таңдайды, себебі өзіне де балалық кезінде солай жасалған. Алайда, бұл мәселені шешпейді тіпті одан ары ұшықтырады.

Адамдар қорқыныш, ашу-ыза, қайғы-мұң сияқты қарқынды сезімдермен күресу кезеңінде, мидың логикалық ойлау жүйесі жұмыстамайды. Тек ғана қашу немесе күресу механизмдері іске қосылады. Өз сезімдеріңізді реттеуді білмесеңіз, балаңызға да ең қиын кезде қалай әрекет етіп, өзін тыныштандыруын үйрете алмайсыз. қатты ашуланғанда, жасалу керек қадамдар;

  1. Тоқтау! Бір тоқтап, өзіңіздің ішкі әлеміңізге үңіліңіз. Сізге ауыр келген мәселені түсінуге тырысыңыз. Балаңыздың сізді тыңдамағаны, кішкентай балаға күшіңіздің жетпегені сізді мазалайды ма? Әлде сіздің де балалық кезіңізде сізді ешкім түсініп, қалауыңызды тыңдамады ма? осылайша не істеу керек екенін білмей жатырсыз ба? Әрине баламен байланыс орнату үшін бірінші өзіңізді тыныштандыру керек.
  2. Баламен байланыс жасауғы тырысыңыз! Балам неліктен, қандай қажеттілігін толықтыру үшін осы бір әрекетті жасады екен? Оған қазір не үйреткім келеді? Және оған үйреткім келген дүниені қашан, қалай үйрете аламын? деген сұрақтарды ойланыңыз.
  3. Баланың құйындай бұрқырағын сезімдерін тыныштандыру. Бала өзін түсіндіре алғанда тыныштанады. Түсіндіру деген сөз мойындау дегенді білдіреді. баланың қатты қорыққанын, қуанғанын, өкінгенін, ашуланғанын түсіну. Ата-ана осыған да жылайсың ба деп емес, ініңмен бірге болғаным үшін маған ашулысың деп оның сезімдерін мойындасаңыз, бала тезірек тынышталады.
  4. Балаңызды тыңдаңыз. Сезімдерін мойындағанда бала ата-ананың оны түсінгенін, қабылдағанын сезеді және өзінің де қажеттіліктерін, келіспеушіліктерін бөлісе бастайды. Егер бала осы қадамдардан кейін шынымен тынышталаған болса, сізді жан құлағымен тыңдауға дайын болады. Сонда ғана, балаңызбен өзіңізге (ересек адамға) жарасатын әрекетпен қарым-қатынасқа түсе аласыз.

Анасы тойғыза алмаған баланы дүние тойғыза алмайды.

Нәресте үшін анасының омырауы, ең маңызды баға жетпес ас болумен қатар негізінде ананың емшегі баланың әлемі үкімінде. Жер бетіне келген баланың осы әлемге бейімделуі, байланыс орнатуы, өзін қауіпсіз сезінуінде ананың омырауының бала үшін ерекше мәні бар. Ему кезінде ана баласымен көзі арқылы, жанасу арқылы байланыс жасайды. Кішкентай нәрестені алғаш рет емізген сәттен бастап ананың тұла бойын айрықша мейрмділік билей бастайды. Бұл жаратқанның ана мен балаға берген сыйы болса керек.

Баланың әлемге деген көз-қарасын, нәзік байланысын бекемдеу үшін алғашқы үш жылында анасымен рухани тұрғыдан бірге болуы өте маңызды. Баланың негізгі қажеттілігі-оның қарнының тойғаны емес, жанының тойғаны; Оны бар болмысымен қабылдайтын және өзінің бағып-қағуға лайықты екенін сезінуі керек. Бұл сезімді балаға берер жалғыз адам ол АНАСЫ, баланың өзіне деген сенімділігінің көзі анасының оған деген қарым-қатынасынан басталады. Бала бір нәрседен қорыққанда, ашуын реттей алмағанда білетін жалғыз әдісі – АНАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫНДА болу. Ананның құшағында бала сыртқы әлемде өзіне төнген қауіптен паналайтын сенімді жердің бар екенін сезеді, түйсінеді.

Бұл тұста ананың балаға айтқан сөздерінен гөрі жасаған іс-әрекеттері маңызды. Осылайша анасымен арасындағы сенімді байланыс арқалы басқа адамдармен алаңсыз, қорықпай, жалтақтамай, ұяалмай сенімді қатынас жасай алады.

Отбасы мүшелері кибербуллингпен күресу үшін не істей алады?

Кибербуллингке қарсы күресте жастардың және балалардың интернетті және технологияны саналы және қауіпсіз пайдалануы жөнінде ынталандыру керек.

Осы тұрғыда ата-аналарға ұсыныстар;

  1. Компьютерлерді, ұялы телефондарды және басқа технологиялық құрылғыларды пайдалану ережелерін анықтаңыз. Мысалы, балаларыңызға олар қай сайттарға кіре алатындығын және сіз қайсысын құптамайтыныңызды себептермен түсіндіріңіз.
  2. Бұл ережелерге қарсылығын және оның себептерін тыңдаңыз.
  3. Оларға өздеріне немесе өзгелерге зиян тигізуі мүмкін жазбалардан аулақ болуын түсіндіріңіз.
  4. Балаларыңыздың бөлісетін жазбаларын кім көретіні, бейтаныс адамдармен сөйлесу қаупі туралы сөйлесіңіз.
  5. Кибербуллинг жағдайларының кейбірі достарымен құпия сөздерді бөлісуден туындайды. Балаға өз парольдерін ешкіммен бөліспеуін ескертіңіз.
  6. Мектеп қабырғасында технологияларды қолдану ережелерін белгілеу және орындау кезінде мектеп басшылығымен және мұғалімдерімен ынтымақтастықта болу. Оларға өздеріне немесе өзгелерге зиян тигізуі мүмкін жазбаларды бөлісуге аулақ болуын ескерту керек.

Зерттеулердің нәтижелері бойынша кибербуллинге ұшыраған балалардың, не істер едің?» Деген сұраққа. Оқушылардың 41%, бірінші кезекте достарымен бөлісетіндерін мәлімдеді.
«Отбасыларына хабарлайды» дегендердің саны 37% құрайды.
«Мұғалімге айтамын» деушілердің саны 15% ғана.

Мектеп – оқушы – отбасы үш бұрышында алдын алу шаралары болады. Осы себепті отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың үнемі болып тұруы өте маңызды.

Жұмақ менің аяғымның астында ма?

Мен анамын, бірақ мен қасиетті адам емеспін. Менің қателіктерім бар, сезімдерім бар, себебі мен адаммын. Жұмақ менің аяғымның астында емес. Ана болу менің Құдайдың алдындағы парызым емес, бұл менің табиғатымның бір бөлігі. Менің адам ретінде балаларыма, өзіме, әлемге, өмірімдегі басқа адамдарға деген жауапкершіліктерім бар. Бірақ менің балаларым маған қарыздар емес.

Менің жүрегімде Құдайдың маған берген нығметі; мейрімі бар, және мен балаларыма мейрімдімін және олардың да маған деген махаббатын сеземін.

Балаңызды, сіздің қалағаныңыздай адам болмай қалады деген қорқынышыңыз, сіздің анаңыздың қорқынышы екенін түсінемін. Баланың анасына өзін үнемі қарыздар сезінуінің оңай емес екенін білемін.

Балаңыз сізді АНА деп қабылдап, жақсы көруі үшін сіздің Қасиетті адам болуыңыз керек емес. Сізге тек АДАМ болу жетеді.

Балаңызға сенің жұмағың менің аяағымның астында дегенді сездіру, балаңыз екеуіңіздің араларыңызға үлкен бір қамалдан басқа ештеңе бермейді. Бұл ұстанымыңыздан балаңызды босатыңыз!?

Сіздің балаңызға деген жылулығыңыз, күлімдеген көзіңіз, оны бар болмысымен шартсыз қабылдауыңыз, мейіріміңіз СІЗ және БАЛАҢЫЗ екеуіңізді шынайы махаббатқа апарар жолдың дәл өзі.

Балаға шектеу қойып, тыйым салғанда мейірімді болу.

Балаға шектеу қою немесе тыйым салу кезінде мейірімді болу мүмкін.

Шектеулер, ережелер шын мәнінде өмірді жеңілдетеді. Бұл- балада алаңдаушылық, шешімсіздік, сенімсіздік сияқты сезімдердің алдын алуға көмектесетін құрал. Себебі балалар үшін шектеулері мен ережелері бар өмір айқын әрі түсінікті болады. Және өзіне деген сенімділігі мен өзін реттеуге ​​көмектеседі.

Алайда, қазіргі таңда қазақтар бала тәрбиесінде шектеуді күш көрсету, насихаттау және жазалаумен бірдей көруде. Қазақстандағы төрт баланың біреуінің іс-әрекет бұзылысты және невроздың пайда болуының басты себебі осы ата-аналардың дұрыс емес ұстанымдары екені дәлелденуде.

Сондықтан балаға шектеу қойғанда ата-ананың жүрегінде бар жылулық пен мейрімді көребілуі және баламен ересек адам ретінде байланысуы керек. Әрине, сүйегімізге сіңісіп кеткен бұрынғы дүниелерімізді жаңа ақпараттармен өзгерту оңайға соқпайды. Бастысы өзіңізге, ата-аналық мейріміңіздің бар екеніне сеніңіз.

Шектеу қою кезінде мейрімді болу;

  1. Балаға қойылған шектеу тұрақты және анық болуға тиісті.⠀
    «Біз сенің теледидар көруің жөнінде келістік. Бүгінгі уақытың толды.
  2. Балаңыздың сезімдеріне және ойына жауап беріңіз!
    Теледидарды күні бойы, қалағаныңша көре бергің келеді. Қатты ашуланып тұрғаныңды көріп тұрмын.
  3. Балаңыздың өз құқыға бар екенін білдіріңіз.
    Дұрыс айтасың, сен де өз қалауыңды жасай аласың,…
  4. Онымен бірге екеніңізді сездіріңіз.⠀
    «Бұл теледидар сен үшін зиян болмағанда…

Осы сөздерден кейін де жылап, талап етіп, ашуланған балаңызға дәл жоғарыдағыдай мейірімділікпен сезімдеріне жауап берсеңіз балаға шектеу қоюмен ғана қалмай, араларыңыздағы қарым-қатынастарыңыз сенімділікпен күшейеді.

.

Ойын терапиясы

сурет: https://dralbertknapp.com/play-therapy/ сайтынан алынды

Балалармен жұмыс жасайтын адам ретінде, көптеген жылдар бойы «баламен байланыс орнатып, қарым-қатынас жасаудың бір әдісі болуы керек» деп ойлап жүріп ойын терапиясымен таныстым. Және ойлағанымнан мүлде басқаша және ерекше әлемге қадам бастым.

Балалар ересектер сияқты бастарына төңген оқиғаның мәнін түсінбейді, және сөйлеу қабілеті шектеулі болғандықтан жеткізе алмайды. Мысалы бала; -Менің жалғыз қорғаным анам мені ұрды / қатты шарасызданып тұрмын, тұла бойым ренішке толы, енді кімге сене аламын, қазір өзімді тыныштандыра алмай тұрмын, сондықтан осы жасыма келсем де сиіп қояамын, анамның жанымда шынайы болғанын қалаймын деп айта алмайды…. Бұл сөздерді ойын арқылы көрсетеді.

Бұл ойын ойнау өте қарапайым іс-әрекеттермен жалғасса да, шын мәнінде баланың өмірінен көрініс екенін түсіндім. Терапевтке сенген бала ойнау кезінде өз өмірінің көптеген нәзік үзінділерін ойын арқылы бөліседі, өзін жеткізу үстінде болады. Терапевт баланы түсіну үшін оның әлеміне кіре алуы керек. Әр ойыншық бала үшін әртүрлі мағынаға ие. Ойын барысында қандай ойыншықтарды таңдағаны және қалай ойнағаны баланың мәселені түсінуінде шешілуінде үлкен рөл атқарады.

Ойын терапиясын 3-11 жасар балаларға қолдануға болады.

Қашықтықнан оқыту кезінде ата-аналар қандай мәселелерге басты назар аудару керек?

Жалпы қазіргі ата-аналар балаларды; Күні бойы телевизордың алдында отыра береді? Үй жұмыстарын жасамайды. қолынан ақылды телефонды тастамайды.. не істеу керек деген сұрақтар жиі қойылады.

Көп ата-аналар осы мәселелермен кездесіп жатады. Бірақ олар Ұрысқыннан ешбір пайда болмайтынын мойындап жатыр. Себебі Балаға ұрсып, шектеп, жазалап қарым-қатынас жасағанда, бала өзін қорғау үшін одан ары қырсық мінез көрсетеді жіне сізді тыңдамайтын болады. Менің осы жерде ата-аналарға айтарым бар:

  1. Біріншіден ешбір ата-ана балаға мұғалім бола алмайды. Бұл балада жан деңгейінде алаңдаушылық тұдырады. Себебі, отбасы деген орта; баланың түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ортасы. Бұл ортада ата-ананың мұғалім рөліне кіруі тіпті кейбіреулерінің осы кезеңді авторитарлық рөлге кіріп , күш көрсету төпештеу арқылы өткізуі баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. тіпті кейде баланың кейінгі өмірінде ауыр жаралар салады.
  2. Баланың үйде сабақ оқуы үшін ең бірінші мәселе, оның ішкі мотивацияның қалыптасуы арқылы басталады. Өзі жасағысы келген нәрсесін жасаған бала іштей ынталанады. осы жерде, ата-ана баладан СҰРАҚ сұрағанда да, ойланып сұрақ қойғаны жөн. мысалы -Үй жұмысын жасадың ба деп сұрақ қоюдың орнына , -Үй жұмысынан не үйрендің? деп сұрауы біріншіден баланың әуестенуіне екіншіден білуге үйренуге қызығушылығын тудырады. себебі бала жауапкершілік алу кезеңінде 5 түрлі ынталанады; бала сабағын сыртқы мотивация арқылы жасайды. бұл кезеңде ата-ананың жазалауынан қашу үшін немесе марапатын алу үшін. масқара болмау үшін, ұяат болады дегені үшін, сыртқы адамдардың мадақтауы үшін, мықтысың ақылдысың дегені үшін, универге түсу үшін… Ең ұзақ мерзімді пайдалы мотивацияя ол баланың бір істі үйренуге қызығуы.
  3. Қашықтықтан білім алу кезеңі жаңа бір процесс. жаңа біп норм. Бұл кезеңде ата-ананың рөлі шектеулер, ережелер қою емес, балаға еркіндік беру, өзін баланың орнына қойып түсіну керек. Балаға бақылаушы емес, бағыттаушы, жол көрсетуші рөлде болу маңызды. Үнемі қателіктеріне шоғаырланып, сынап-мінелген бала кейін ата-ананы тыңдамайтын болады. Және өзіне сенімділігі жоғалады.
  4. Тағы бір мәселе- отбасы атмосферасы; қазір әлемде корона тек ғана ауру емес, әлеуметтік қаржылық проблемалар да тудырып жатыр. Бір криз кезеңі я, отбасында ата-ананың күйі баланың сабақ оқудағы мотивациясына әсер етеді. Ата-ана арасындағы кикілжіңнің ауыртпылығын балаға жүктемеу керек. өшін баладан алмау керек.
  5. Сонымен қатар балаға не үшін сабақ оқу керек жөнінде әңгімелесу, және үйде тұрақты РУТИНнің болуы мыңызды. Бұл рутинді баламен бірге жасау керек я. Баланы тыңдау, өз идеяаларын қосуға , сезімдерін психологиялық қажеттіліктерін бөлісуіне мүмкіндік беру. технологияны қолдану балаға максимум 30 минкт болу керек. егер рутин тұрақты болса бала осы рутинді дағдыландырады.
  6. Қоршаған ортаның сабақ оқуға қолайлы болуы маңызды. баланың оқығысы келмегенде ата-ана баламен бала болып күш сынаспай, Баланың іс-әрекетінің себебін анықтау бәлкім келесі қадамға көмектеседі. неліктен оқи алмай жүр, тым көп тапсырма бар ма? анықтау керек.
  7. Қазір ата-аналардың алаңдаушылығының бірі, балалар әлеуметтік желілерде, интернетте, youtubte, instagramda жиі көп уақыт өткізуі алаңдатады. Бала шын мәнінде ішкі мұңаю, жылғызсырау сезімдерінен қашу үшін интернетті паналайды. Бұл жерде телефонға әуестенудің 3 себебі бар. бірінші, баланың ата-анамен қарым қатынасы үзілгенде, өзін телефонда қанағаттандырады. екінші, өзіне сенімі төмендегенде өзіне идеал куәлік қалыптыстару үшін әлеуметтік желілірден қолдау алады. үшінші өз өмірінде шешім шағара алмауы бала сол виртуалды әлемде шешім шағару арқылы тыныштанадыү. Егер баланың телефонға интернетке әуестніп, жиі қолдана бастаса бұлардан қай қажеттілігін толықтыруға тырысып жүр?- дегенді ата-ана өзінен сұрауы керек.

Skip to toolbar